17.05.2019

Қазақстанда баспананы қалай қолжетімді етуге болады?

Қазақстанда баспананы қалай қолжетімді етуге болады?

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Астана экономикалық форумы алаңында халықтың тұрғын үйге қол жетімділігін дамытудағы мемлекеттің рөлі туралы мәселені көтерді және осы саладағы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жетекші сарапшыларын жинады.

Холдинг ұйымдастырған панельдік сессия форум делегаттарының тек айтылған тақырыпқа ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік Корея мен Сингапурдан келген сарапшыларына да қызығушылығын тудырды. Бұл елдерде Қазақстан үшін өте пайдалы тәжірибе бар, себебі біздің еліміз ТМД-да тұрғын үй құрылысы бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады және қазіргі уақытта оны халық үшін қолжетімді ету үшін белсенді түрде жұмыстар атқаруда.

 

2

 

- Соңғы уақытта барлық дерлік қалаларда (қазір аудан орталықтарын қамтуды бастаймыз және ауылдық жерлерге арналған арнайы бағдарлама дайындаудамыз) «Бәйтерек» холдингі белсенді қатысатын несиелік тұрғын үй шеңберінде ауқымды құрылыс жүріп жатыр. Мен ол үшін ерекше алғыс білдіргім келеді. Менің ойымша, бұл жүйе ең тиімді болып табылады. Ол тұрақты орташа табысы бар адамдарға тұрғын үй алуға мүмкіндік береді. Біз осындай тұрғын үйдің баға параметрлерін белгіледік - облыс орталықтарында 140 мың теңге, ал Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларында бір шаршы метр үшін 180 мың теңге болады. Баға параметрлері халықтың төлем қабілеттілігін ескере отырып белгіленген, сондықтан біз үшін тұрақты көлем болып табылады және бес жыл бойы өзгермей келеді, - деп атап өтті ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Қазіргі уақытта тұрғын үй құрылысына инвестиция ретінде мемлекет тарапынан құйылған бір теңгеге жеті теңгеден астам жеке инвестициялар тартылуда. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарходжаевтың айтуынша, қазақстандықтардың тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейі әлемдік стандарттардан төмен. Бір адамға 30 шаршы метр нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін алдағы 11 жылда ағымдағы тұрғын үй қорын 220 миллион шаршы метр тұрғын үйге немесе 60% - дан астам ұлғайту қажет.

- Қойылған міндеттерді шешу үшін біз дамыған елдердің халықаралық тәжірибесін зерделедік. Жүргізілген талдаудың қорытындысы бойынша, біздің жағдайымыз үшін Сингапур мен Оңтүстік Корея мен Түркияның тәжірибесі анағұрлым сай болып отыр, онда бірыңғай оператор Мемлекеттік тұрғын үй саясатын халық үшін барлық қажетті игіліктермен бірге қалалық кварталдарды мұқият жоспарланған жаппай салу жолымен кешенді түрде жүзеге асырады, - деп атап өтті Әнуар Омарходжаев.

3

Бұл Қазақстанда құру ұсынылып отырған Бірыңғай оператор, жобаларды Стратегиялық жоспарлау мен жобалаудан бастап, инжиниринг, сандық мониторинг және кейінгі пайдалануды қоса алғанда, іске асырудың барлық кезеңдерінде жобаларды толық сүйемелдеуге дейін кешенді қолдау құралдары есебінен активтерді шоғырландырып, тиімділікті арттыра алатын болады деп есептейді спикер. Жәнеде бұл қадам – Әнуар Омарходжаев атап өткен қазіргі заманғы қолжетімді тұрғын үй экожүйесін құрудағы үш негізгі факторлардың бірі.

Екінші фактор, оның айтуынша, саланың барлық қатысушыларына, бірінші кезекте жеке құрылыс салушылар мен халыққа арналған құралдардың кең жиынтығы арқылы қолжетімді қаржыландыру болып табылады.

- Бүгінгі таңда тұрғын үй құрылысындағы негізгі проблемалардың бірі құрылыс салушылар үшін "қымбат" қорландыру және коммерциялық банктер тарапынан қамтамасыз етілген кепіл базасының болуы жөніндегі талап болып табылады. Біздің жекелеген еншілес компаниялардың активтерін шоғырландыратын тұрғын үй құрылысы жөніндегі бірыңғай оператор қомақты нарықтық ресурстарды тартуға, ағымдағы қаржы ағындарын микшациялауға және жеке құрылыс салушылар үшін қорландыруды арзандатуға қабілетті болады, - деп түсіндірді Әнуар Омарходжаев.

Үшінші негізгі фактор - құрылыс саласын цифрландыру. Басқаша айтқанда, жаңа технологияларды енгізу тұрғын үй құрылысы саласындағы инвестициялық белсенділікті арттыра алады.

- «Онлайн Маркетплейстерді» қолдану арқылы тұрғын үй мен инфрақұрылым объектілерінің құрылысын арзандатуға үлкен мүмкіндіктер ашылады, олар өз платформасында тікелей тапсырыс берушілер мен жеткізушілерді делдалсыз біріктіре алады. Бұл барлық тараптардың операциялық шығыстарын орта есеппен 20%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, белгіленген баға бойынша ұзақ мерзімді офтейк-келісім-шарттар жүйесін енгізу үй құрылысы комбинаттары мен отандық құрылыс материалдарын өндірушілердің жүктемесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді Әнуар Омарходжаев.

«Маркетплейстер» барынша ашық болуы және адал емес жеткізушілерді бейтараптандыратын ақпараттың толық көлемін беруі тиіс. Егер құрылыстың өзіндік құнындағы құрылыс материалдарының үлесі 55%-дан жоғары екенін ескерсе, онда тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін құрылыс бағасы орта есеппен 10%-ға төмендеуі мүмкін.

Сингапурлық кәсіпорынның ынтымақтастық жөніндегі жетекші кеңесшісі Яп Чин Бенг (Yap Chin Beng) Қазақстанда бірыңғай оператор құру туралы ұсынысты қолдады.

4

- Қазақстанда тұрғын үйге деген үлкен сұраныс болады. Бұл 10-15 жылда болады. Мұны назарға алу және жоспарлау керек. Бірыңғай оператор мәселені шешу жолындағы жақсы стратегия болады, - деді спикер.

Яп Чин Бенг мырза 1960 жылы құрылған тұрғын үй құрылысы және құрылыс жөніндегі кеңестің (HDB) аға басшылығымен тығыз байланыста. Оның айтуынша, HDB 500 мың адамға 100 мың пәтер салған. Айта кету керек, Сингапурда халықтың көпшілігі мемлекеттік тұрғын үйде тұрады.

- Бір отбасында HDB-ден тек бір пәтер болуы мүмкін. Біз оларды бес жыл аралығында сатып алғанша қайта сатуға мүмкіндік бермейміз. Мемлекеттік тұрғын үйдің шаршы алаңы отбасының қажеттілігіне байланысты 36-дан 115 шаршы метрге дейін болады. Табысы төмен отбасылар үшін біз жалға берілетін тұрғын үй, сатып алу үшін гранттар береміз. Табысы төмен отбасылар үкіметтен көбірек қолдау алады, - деді ол.

Сондай-ақ Корей тұрғын үй кепілдігі корпорациясының президенті Ли Чае Квангтың (Lee Chae Kwang) сөйлеген сөзі мазмұнды болды. Бұл елде тұрғын үйге қолжетімділік мәселесін 1981 жылы іске қосылған және Корей Үкіметі басқаратын Ұлттық тұрғын үй қоры шешеді.

5

- Корей елінің қолжетімді тұрғын үй бойынша саясаты бұл саланы ұлғайтуға бағытталған. Сондықтан, кімде өзінің меншікті тұрғын үйі болмаса, жалға берілетін тұрғын үйі болады. Табысы төмен адамдар үшін жалдау жүктемесі төмендетіледі.  Корей Үкіметі бір миллион қол жетімді тұрғын үйді келесі бес жылда пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Біз бар жерді пайдаланамыз, сондай-ақ ұсыныстарды арттыру үшін жаңа тұрғын үй саламыз. Корей Үкіметі табысы төмен адамдар үшін бейімделген тұрғын үй беруді жоспарлап отыр. Жас жұбайлар үшін де, егде адамдар үшін де арнайы аудандар болады, - деді Чае Кванг.

Айта кету керек, бір жарым сағаттық панельдік сессияға 350-ден астам адам қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Астана экономикалық форумы Нұр-Сұлтан қаласында осымен 12-ші рет өтуде. Биылғы жылы ол «Шабыттандырушы өсім: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбында өтті. Қазақстан астанасына әлемнің 74 елінен сарапшылар, бизнесмендер, саясаткерлер мен ғалымдар жиналды, ал делегаттар саны бес мыңнан асты.

«Бәйтерек» холдингі осы форум аясында 16 мамырда Конгресс-орталықта өткен «Венчурлік капиталды дамытудағы мемлекеттің рөлі» атты тағы бір панельдік сессияны өткізді.

Анықтама:

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің

2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың

озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру,

инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен

орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ҚР

Үкіметінің негізгі институты. Холдингке: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ,

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ

банкі» АҚ, «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ,

«Даму» КДҚ» АҚ, «Qazaq Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ,

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project

Preparation Fund» ЖШС кіреді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар