03.05.2019

Қазақстан және Әзірбайжан ШОБ дамыту саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан және Әзірбайжан ШОБ дамыту саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғалымжан Тәжіяқов Әзірбайжан шағын және орта бизнесті дамыту агенттігінің (KOBIA) Басқарма Төрағасы Орхан Видади оглы Мамедовпен кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында Ғалымжан Тәжіяқов «Бәйтерек» холдингінің іс-әрекеті туралы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жүзеге асыратын шағын және орта бизнесті қолдау шаралары туралы айтып өтті.

 

- Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы экономикалық ынтымақтастық стратегиялық сипатқа ие, осыған байланысты Холдинг өзінің еншілес компанияларының Әзірбайжан серіктестерімен қарым-қатынасын дамытуды жан-жақты қолдайды, - деп атап өтті ол.

 

Өз кезегінде Орхан Мамедов қазіргі уақытта «Даму» Қоры мен KOBIA агенттігі арасындағы ынтымақтастық белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. 2019 жылғы 4 мамырда қазақстандық өндірушілердің «ULTTYQ O`NIM» көрмесі аясында екі компания арасында өзара түсіністік және жол картасы туралы Меморандумға қол қою жоспарлануда.

 

- Бұл құжаттар алдағы екі жылда нақты шарларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, - деп есептейді Агенттік басшысы.

 

Кездесу соңында қатысушылар екі елдің кәсіпкерлігін дамыту мақсатында ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

 

Анықтама:

 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі қаулысымен құрылды. Қордың миссиясы кешенді және тиімді қолдау құралдарын іске асыру арқылы Қазақстандағы микро, шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуындағы белсенді рөлді атқару болатып табылады. «Даму» Қорының филиалдары Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс істейді, жергілікті кәсіпкерлермен, қоғамдық ұйымдармен және жергілікті атқарушы билік органдарымен айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар.

 

KOBIA 2017 жылы Әзірбайжан Президентінің Жарлығымен құрылған шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттік агенттігі. Агенттік кәсіпкерлерді қолдау және қорғаумен айналысады, шағын және орта кәсіпорындар құруды ынталандырады.

 

2

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар