Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

14.05.2024

Бәйтерек еуропалық экспорттық-кредиттік агенттіктермен ынтымақтастықты дамытады

28.04.2023

Қазақстан мен Сингапур арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту: «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты белсенді жалғастыруда

Қазақстан мен Сингапур арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту: «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты белсенді жалғастыруда

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты белсенді дамытуда. 

2023 жылғы 27 сәуірде Сингапур делегациясының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге Enterprise Singapore Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Йогендран Тиягарадж, Сауда және өнеркәсіп министрлігінің Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа және Орталық Азия бөлімінің директоры Дениза Перейра және Сингапур ынтымақтастық кәсіпорнының (SCE) Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы халықаралық серіктестік бөлімінің директоры Эрик Ли қатысты.

Enterprise Singapore – Сингапур үкіметінің Сауда және өнеркәсіп министрлігі жанындағы мемлекеттік кеңес, ол шағын және орта кәсіпорындарды дамыту, мүмкіндіктерді жаңғырту, инновацияларды қолдау, трансформация мен интернационалдандыру үшін 2018 жылы құрылған. Сонымен қатар Enterprise Singapore Сингапурдың сауда және стартап орталығы ретінде өсуін қолдайды және ұлттық стандарттау мен аккредиттеу органы болып табылады.

Кездесу аясында Enterprise Singapore мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арасындағы инвестициялар, шағын және орта бизнесті қолдау және Қазақстан экономикасын жаңғырту бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Сингапур арасындағы бизнес-байланыстарды дамыту әлеуеті жоғары және екі ел экономикасының жедел дамуына ықпал етуі мүмкін екендігі атап өтілді. Инновациялар, технологиялық даму, жасыл энергетика және цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды.

WhatsApp Image 2023-04-28 at 15.57.46.jpeg

WhatsApp Image 2023-04-28 at 15.57.52.jpeg

WhatsApp Image 2023-04-28 at 15.57.55.jpeg

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар