Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

14.05.2024

Бәйтерек еуропалық экспорттық-кредиттік агенттіктермен ынтымақтастықты дамытады

05.07.2019

Айдар Әріпханов павлодарлықтарға жаңа пәтер кілттерін тапсырды

Айдар  Әріпханов павлодарлықтарға жаңа пәтер кілттерін тапсырды

Павлодарда Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 122 салымшысы («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) пәтер кілтін алды. Астана күнінің қарсаңында оларды қоныс тойымен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Айдар  Әріпханов  және Павлодар облысының әкімі Болат Бакауов құттықтады.

- Біздің «Байтерек» холдинг «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасын іске асыру бойынша Үкіметтің негізгі институты болып табылады. «Байтерек девелопмент» және «Жилстройсбербанк» - еншілес компаниялары арқылы – біз азаматтарымызға қолжетімді баспана беру мүмкіндігіне иеміз. Қазіргі уақытта Қазақстанның шамамен бір жарым миллион азаматы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы болып табылады. Жыл сайын банк азаматтар үшін шамамен 400 миллиард теңге жеңілдік несиелерін бөледі. Сондықтан мен үшін сіздермен бірге болу және осындай атаулы күнмен құттықтау үлкен бақыт! – деп Айдар Әріпханов пәтер кілттерін тапсырған салтанатты жиынында сөйледі.

 

2

 

ТҮҚЖБ салымшыларына арналған екі тоғыз қабатты тұрғын үй қала орталығында Генерал Дюсенов көшесі бойынша салынған. Баспананың бір шаршы метрінің құны 165 000 теңге құрайды.

 

3

 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қазақстандықтарға өз үйін немесе пәтерін сатып алу үшін қолжетімді қарыз береді. Жыл басынан банк 23 000 астам қазақстандық отбасыға қоныс тойын атап өтуге көмектесті. Олардың ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Өз үйім» жеке бағдарламасының шеңберінде пәтер кілттерін алған Павлодар қаласының 122 тұрғыны да бар. Ол баспананы нарықтық бағадан төмен бағада сатып алуға мүмкіндік береді. Бағдарламаға барлығының қатысуына болады, бұл ретте минималды бастапқы жарна 20% мөлшерінде болуы жеткілікті. Несиелер 5% дейін мөлшерлемені кейіін азайтып 7% жылдық мөлшерлемемен беріледі.

Жаңа қоныстанғандарға берілген барлық пәтерлер таза өңдеумен берілді және қолайлы жоспарлауы, керме төбелері, кең шыныланған лоджиялары, сапалы сантехникасы бар. Жаңа үйлерге қолжетімділікке және орналасуына байланысты бір пәтерге 5-10 банк салымшысы үміткер болды. Сатып алушылар пұлына көбірек жинағандар кірді. Олардың ішінде Танат Ахметжанов  болды. Жұбайымен бірге 4 жылда ол үш бөлмелі пәтердің құнының жартысын жинаған, жетпеген соманы ТҮҚЖБ 5% жылдық мөлшерлеме бойынша тұрғын үй қарызын берді.

 

4

 

- Біз бұрын отбасымызбен туысқандарымыздың үйінде тұрдық. Жеке баспанамыз туралы армандай отырып, пәтер сатып алу бойынша қатаң жоспарымыз болды. Біз оны қатаң сақтадық және міне бүгінде қоныстойды атап жатырмыз. Ұлдарымның енді жеке бөлмесі болады, жұбайым пәтерді жайғастырып жатыр. Отағасы ретінде отбасымды пәтермен қамтамасыз ете алғаным үшін мен де қуаныштымын. Несиені біз 7 жыл ішінде жабамыз, ай сайынғы төлем шамамен 70 мың теңге құрайды, - деп бөлісті Танат Ахметжанов.

Барлығы Павлодар облысында жыл басынан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 1 355 салымшысы өз баспанасын алды, тағы 7 000 өңір тұрғыны жақын арада қоныстойын атап өту үшін осы жылы шоттарын ашты.

 

Негізгі фотоны Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар