31.10.2019

Айдар Әріпханов голландиялық бизнесті Нұр-Сұлтандағы Берн одағының отырысына шақырды

Айдар Әріпханов голландиялық бизнесті Нұр-Сұлтандағы Берн одағының отырысына шақырды

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің Нидерланды Корольдігіне ресми сапары шеңберінде Гаага қаласында ағымдағы жылдың 30 қазанында өткен бесінші Қазақстан-Голландия бизнес-форумына қатысты.

Бизнес-форумға ірі компаниялардың топ-менеджерлері, соның ішінде «Royal Dutch Shell» мұнай-газ компаниясы, «Farm Frites BV» агро компаниясы, «IKEA», «Bitfury» (Forbes 50 финтех-компаниясы тізіміне кірді), «SUEZ GROUP» (Еуропадағы ең ірі коммуналдық компаниялардың бірі), «Schneider Group» әлемдік консалтингтік компаниясы және басқалары бар.

Форумда сөз алған Айдар Әріпханов қатысушыларды құрамында 11 еншілес компаниясы бар «Бәйтерек» холдингінің қызметімен таныстырды. Олар кәсіпкерлерді инвестициялық кезеңнен бастап дайын өнімнің экспортын қолдауға дейін; сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудан кредитке кепілдік беруге дейін қолдаудың көптеген құралдарын ұсынады, сондай-ақ жобалық құжаттаманы дайындауға, жоба сараптамасына көмектеседі және серіктес табуға ықпал етеді.

Холдинг басшысы сонымен бірге Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

- «Бәйтерек» холдингі шетелдік инвестицияларды тарту бойынша белсенді жұмыс атқаруда. Соңғы үш жыл ішінде біз Deutsche Bank, Credit Agricole Corporate and Investment Bank, Қытайдың мемлекеттік даму банкі, JP Morgan Chase және басқа банктермен жұмыс жасай отырып, 3 млрд АҚШ доллары көлеміндегі сыртқы инвестицияларды тарттық. Біз Голландия компанияларымен Қазақстанда да, шетелде де жобалар бойынша тығыз ынтымақтастық орнатуға дайынбыз. Біз олардың нарыққа кіруіне көмектесуге де әзірміз», - деді Айдар Әріпханов.

Сонымен қатар, ол форум қатысушыларын келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Берн одағының отырысына шақырды.

- Біздің еншілес ұйымымыз «KazakhExport» ЭСК» АҚ - Берн Одағы мен Aman Union - әлемдегі ең ірі экспорттық кредит агенттіктерінің қауымдастықтарының мүшесі. 2020 жылы KazakhExport Берн одағының төрағасы ретінде Нұр-Сұлтан қаласында Берн одағының отырысын өткізеді. Сондықтан біз қонақтардың арасында голландиялық банктер мен сіздің елдің даму институттарын көруге қуаныштымыз», - деді «Бәйтерек» холдингінің басшысы.

Сөз соңында спикер «Бәйтерек» холдингі инфрақұрылым мен индустриялық жобаларға ұзақ мерзімді инвестициялар тартуға мүдделі екенін атап өтті

- Біз Голландия компанияларын Қазақстанда көруге қуаныштымыз және бірлескен жобалар мен бастамаларды қаржыландыруға дайынбыз. Мәселен, бүгін таңертең қазақстандық «K-Agro» компаниясы мен голландиялық «Farm Fries» компаниясы Қазақстанда ауылшаруашылық өнімдерін шығару мен қайта өңдеу кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойды. Холдинг «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «ҚДБ-Лизинг» АҚ еншілес ұйымдары арқылы осы жобаны қаржыландыруды қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыруға дайын», - деді ол.

Нидерланды Қазақстан экономикасына салынған инвестициялар көлемі бойынша бірінші орында және Қазақстанның ЕО-дағы жетекші сауда серіктестерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша Нидерландыдан Қазақстанға 2005 жылдан 2018 жылға дейінгі тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 85 млрдтан астам АҚШ долларын құрады, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 3,4 млрд АҚШ долларын құрады.

Анықтама үшін:

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және оны әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін арттыру арқылы Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы бойынша мақсаттарды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі институты. Холдинг құрамына «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «QazTech Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС кіреді.

Берн одағы -  кредит және инвестицияларды сақтандыру бойынша халықаралық одақтың ресми атауы. Бұл сақтандыру компанияларының, экспорттық кредиттер мен инвестициялық сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдардың бейресми бірлестігі. Ол 1934 жылы Берн қаласында (Швейцария) құрылды. Оның жарғысына сәйкес, экспорттық кредиттерді сақтандырумен тікелей айналысатын осындай сақтандыру ұйымдары ғана одаққа мүше бола алады. Қазіргі уақытта одаққа әр түрлі елдерден 50-ге жуық ұйым кіреді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар