23.10.2019

Айдар Әріпханов «Ашық диалог» платформасында блог құрды

Айдар Әріпханов «Ашық диалог» платформасында блог құрды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов Ел Президенті Қ. Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында электрондық үкіметтің «Ашық диалог» интернет-порталында өзінің жеке блогын құрды.

 

«Бәйтерек» холдингі даму институттары мен қаржы ұйымдарын тиімді басқару, Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына оны әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту арқылы жәрдемдесу үшін құрылған.

 

Қазіргі уақытта «Бәйтерек» холдингі «Ұлт жоспары», «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы-2020» сияқты мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асырумен айналысады.

 

Холдинг құрамында 11 еншілес ұйым жұмыс істейді, олардың әрқайсысы еліміздің экономикасында өз рөлін атқарады.

 

«Бәйтерек» холдингінің басшысына сұрақтар мен ұсыныстарды келесі сілтеме бойынша жіберуге болады - https://dialog.egov.kz/blogs/2326528/welcome

 

«Ашық диалог» порталы бұл мемлекеттік органдар мен қоғам арасында тиімді кері байланыс орнату алаңы. Оның мақсаты азаматтарға портал құралдары арқылы Үкіметпен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беру.

 

Мемлекеттік органдар басшыларының блог-платформасында өтініштерді беру және қарау тәртібі «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңында жазылған. Осы Заңның 11-ші бабының 5-ші тармағына сәйкес блог-платформаға сұрау салу жазбаша сұрау салуға теңестіріледі. Сұрау салу электрондық үкімет порталында есептік жазбаның болуын және оған абоненттік нөмірді қосу шартымен қол қоюды талап етпейді.

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар