17.05.2019

Асқар Мамин «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Асқар Мамин «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің  отырысын өткізді
ru 2kaz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

 

Отырыс барысында Холдингтің 2018 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігі алдын-ала бекітілді. Холдингтің активтерінің көлемі өткен жылы 6%-ға немесе 287 млрд. теңгеге артып, 4,7 трлн теңгені құрады. Таза пайда 34,7 млрд. теңгені құрады.

 

Сонымен қатар Директорлар кеңесі Холдингтің 2019-2021 жылдарға арналған түзетілген даму жоспарын және 2019 жылға арналған тиісті жылдық бюджетін бекітті.

 

Бұдан басқа, Директорлар кеңесі Холдингтің Корпоративтік басқару кодексінің 2018 жылға арналған қағидаттары мен ережелерін сақтау туралы жылдық есепті бекітті.

Құжат корпоративтік басқару принциптерін сақтау мониторингінің нәтижелерін және оның ережелерін іске асыру үшін жүргізілген іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі ақпаратты қамтиды.

 

Холдинг сондай-ақ ел экономикасын дамытуға бағытталған мемлекеттік және салалық бағдарламаларға тартылған қаражаттың дамуы туралы есеп берді. 

 

Директорлар кеңесінің мүшелері 2019 жылдың І тоқсанына арналған Холдингтің тәуекелдер бойынша есебін және ішкі аудит қызметі бойынша есебін бекітті.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар