Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

14.05.2024

Бәйтерек еуропалық экспорттық-кредиттік агенттіктермен ынтымақтастықты дамытады

28.04.2023

Қанат Шарлапаев немістің Falk Beratung GmbH компаниясымен және «Медскан» компаниялар тобымен кездесті

Қанат Шарлапаев немістің Falk Beratung GmbH компаниясымен және «Медскан» компаниялар тобымен кездесті

2023 жылғы 27 сәуірде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев «Falk Beratung GmbH» негізін қалаушы Томас Фалкпен және «Медскан» компаниялар тобының негізін қалаушы Евгений Туголуковпен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында Қазақстан Республикасында медициналық клиникалар салу жобасы және «Бәйтерек» холдингімен ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері талқыланды.

Немістің Sana клиникалар желісінің операторы «Медскан груп» (Medscan Group) тобына кіретін ресейлік «Медскан» АҚ-мен бірлесіп, Қазақстанда жаңа медициналық клиникалар салуды жоспарлап отыр. Жоба аясында тек ірі медициналық мекемелер ғана емес, сонымен қатар жергілікті жерлерде шағын медициналық қызмет көрсету орталықтары да салынбақшы. 

Жобаның негізгі аспектілерінің бірі – дәрігерлер және клиникалардың өзге қызметкерлері, соның ішінде басшы қызметкерлері арасындағы білім алмасу бағдарламалары арқылы Қазақстанға немістің ноу-хауын енгізу. Осылайша, неміс мамандары Қазақстандағы әріптестерін оқытады, ал қазақстандық дәрігерлер Германияда біліктілігін арттырады.

«Германия Еуропа құрлығымен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту аясында Холдингтің стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылады. 19-22 маусымға жоспарланған ГФР Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстанға сапары екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал етіп, жаңа серпін беретініне сенімдімін. Қос тараптың қызығушылығын тудыратын инвестициялық жобалар болса әрі қарыз капиталы нарығындағы жағдай қолайлы болса, біз сіздің компанияңызбен іскерлік ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастыруға дайынбыз» - деп атап өтті, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев.

«Бәйтерек» холдингі Еуропамен экономикалық байланыстар мен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту миссиясы шеңберінде Германияның және Еуропа континентіндегі басқа да елдердің компанияларымен өзара қарым-қатынас жүргізу мүмкіндіктерін белсенді түрде зерделеуде. Холдинг экономиканың негізгі секторларында, оның ішінде медицина саласында өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуге және Қазақстан халқының өмір сүру сапасын жақсартуға өз үлесін қосуға ұмтылады.

2-4.JPG

3-4.JPG

4-4.jpg 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар