Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

01.05.2024

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

29.05.2020

20 млрд теңге ЕДБ-ге жеңілдікпен автокредит беруге жіберілген

20 млрд теңге ЕДБ-ге жеңілдікпен автокредит беруге жіберілген

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы) Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасын қаржыландыру мақсатында екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі – ЕДБ) автокредит беруге 20 млрд теңге мөлшерінде кезекті транш жіберді.

 

ҚДБ облигацияларын шығару арқылы Ұлттық Банк Басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы №79 қаулысына сәйкес «Қазақстан тұрақтылық қоры» АҚ (ҚТҚ) 20 млрд теңгеге қарыз алуды жүзеге асырды.

 

Бүгінгі таңда коммерциялық банктер келесі көлемде қаржы қаражатын алды:

 

«Сбербанк» АҚ ЕБ - 8 млрд теңге;

«Банк ВТБ» (Қазақстан) АҚ  ЕҰ - 5 млрд теңге;

«ForteBank» АҚ - 5 млрд теңге;

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ - 2 млрд теңге.

 

Осылайша, 2015 жылдан бастап ҚДБ Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасын қаржыландыруға жалпы сомасы 82 млрд теңгеге алты транш жіберді. Атап айтқанда, 2015-2016 жылдары Ұлттық қордан жалпы сомасы 26 млрд теңге болатын екі транш, 2018-2019 жылдары Республикалық бюджеттен жалпы сомасы 16 млрд теңгеге екі транш. 2019-2020 жылдары ҚДБ облигацияларды шығару арқылы «Қазақстан тұрақтылық қоры» АҚ-дан 40 млрд теңгеге қарыз алуды жүзеге асырды.

 

Бағдарлама бойынша кредит беру револьверлік сипатқа ие: қолданыстағы кредиттерді өтеуден түсетін төлемдер жаңа қарыз беруге бағытталады. Осындай қайта игерудің арқасында қазақстандықтар жеңілдікті шарттармен жалпы сомасы 98 219 млн теңгеге 20 629 отандық автокөлікті сатып алды.

 

Сонымен қатар, ҚДБ Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасының операторы ретінде ҚДБ-ға кредит өтінімдерінің бағдарлама шарттарына сәйкестігін келісу рәсімін алып тастау арқылы бағдарламаны іске асыру шарттарын жақсартқанын еске саламыз. Шара өтінімдерді қарау мерзімін қысқарту мақсатында енгізілді. Алайда, бұл ҚДБ қатысушы банктердің қаражатты мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізбейтінін білдірмейді. 

 

Соңғы қарыз алушыларға жеңілдікпен автозаймдар беру шарттарының критерийлері өзгеріссіз қалады:

 

- номиналды сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 4%-дан аспайды,

- кредит беру мерзімі - 7 жылдан аспайды;

- қарыз валютасы - теңге;

- жеңіл автокөліктің бір бірлігінің құны - 15 млн теңгеден аспайды.

 

Сатып алушыларға «СарыарқаАвтоПром» ЖШС және «Азия Авто» АҚ шығарған автомобильдердің және «JAC», «Chevrolet», «Peugeot», «Ravon», «УАЗ», «Hyundai», «Kia», «Skoda», «LADA» сияқты брендтердің 42 моделі ұсынылған.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар