Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

26.04.2024

«Бәйтерек» көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды рекордтық 300 млрд теңгеге арттырады

19.10.2021

Құстарды сақтандыру жүйесі мемлекетпен субсидияланады

Құстарды сақтандыру жүйесі мемлекетпен субсидияланады

Агроөнеркәсіп кешенінде сақтандыру құралдары кеңейтілді. Бүгінгі күнге дейін мал шаруашылығы саласындағы сақтандыру сыйақыларының бір бөлігін субсидиялау мақсатында алты шара жұмыс істейтін. Енді бұл тізімге құстарды сақтандыру өнімі қосылды.

Оператор ретінде «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры болып қызмет атқарады.

Өндіріс шығындарын өтеуде, пайда табуда және түрлі жағдайларға байланысты шығынға батып қалмас үшін құс өсірушілерге құстарын сақтандырғандары өте маңызды. Бұл сақтандыру өнімі өзекті және қазіргі уақытта жоғары сұранысқа ие.

Жаңа сақтандыру өнімі бойынша құстар - ірі қара мал, ұсақ мал және жылқы сияқты сақтандырылады және барлық ықтимал тәуекелдерден қорғалады. Салыстырмалы түрде айтқанда сақтандырудың құны да төмен болады.

Түрлі аурулардан, өрттен, жазатайым оқиғалардан, табиғи апаттардан өлген жағдайда және ұрланса, жоғалып кетсе, сақтандыру шарттарына сәйкес шығындардың орнын толтыруға мүмкіндік бар.

Сақтандыру үшін кем дегенде 30 бас құс болу керек. Құстардың санына байланысты 2,31%-дан 2,77%-ға дейінгі түрлі деңгейдегі тарифтер белгіленді. Бұл өнім бойынша сақтандыру сыйақыларын мемлекет субсидиялайды.  Ол сақтандыруға жұмсалған шығындарды субсидиялау арқылы сақтандыру шартының 50 %-ке арзандатуға бағытталған.

Жүйеде ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің лицензиясы бар сақтандыру компаниялары ғана жұмыс істейді. Сақтандыру өнімі шеңберіндегі тәуекелдер әлемдік сақтандыру нарығында «А» рейтингісі бар Халықаралық қайта сақтандыру компаниялары қайта сақтандырады. Бұл сақтандыру жағдайлары туындағанда кепілдендірілген төлемдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шарт жасасудан бастап төлемдерге дейінгі барлық рәсімдер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы негізінде Qoldau.kz платформасында орналасқан Agroinsurance ақпараттық сервисінде атқарылады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар