01.02.2022

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының Төрағасы А.Ә. Әріпхановтың ҚР Үкіметі отырысының «Тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдер және тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау туралы» мәселе бойынша баяндамасы

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының Төрағасы А.Ә. Әріпхановтың ҚР Үкіметі отырысының «Тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдер және тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау туралы» мәселе бойынша баяндамасы

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының Төрағасы А.Ә. Әріпхановтың ҚР Үкіметі отырысының «Тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдер және тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау туралы» мәселе бойынша баяндамасы

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Құрметті Үкімет Мүшелері

2021 жылдың қорытындысы бойынша Бәйтерек холдингі тұрғын үй құрылысы бойынша мынадай негізгі нәтижелерге қол жеткізді.

2-слайд

Облигацияларды сатып алу тетігі арқылы кредиттік тұрғын үй салу бағыты бойынша әкімдіктерге жалпы сомасы 163,7 млрд. теңге қорландыруды ұсынылды, бұл бекітілген жоспардың 100%.

Тұрғын үй құрылыс жинақтары бағыты бойынша 2021 жылы халыққа жалпы сомасы 1,235 трлн. теңгеге 82,2 мың жеңілдікпен қарыз берілді. Отбасы банк жүйесінде 1,5 трлн теңге болатын 2,2 млн. шарт бар.

Анықтама үшін: «Нұрлы жер» шеңберінде 178 млрд. теңге сомасына 16 мың, «Бақытты отбасы» бойынша 49 млрд. теңгеге 4 мың қарыз берілді.

Үлестік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша жалпы сомасы 372 млрд. теңгеге, ауданы 2 млн. шаршы метр тұрғын үй болатын 70 жоба кепілдендірілді.

Жеке құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау бағыты бойынша жалпы сомасы 27,8 млрд. теңге болатын жобалар (275 мың ш.м.) мақұлданды, ал жоспар бойынша 20 млрд. теңге болған.

3-слайд

Бұл слайдта Холдингтің 2022 жылға арналған жаңа бастамалары ұсынылған.

Тұрғын үйге мұқтаж кезекте тұрғандар тізілімінің дерекқорын мемлекеттік тұрғын үй қорынан Отбасы банкіне беру жоспарланып отыр (бүгінгі күні шамамен 590 мың адам).

Холдинг ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, халықтың осал топтары үшін тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау тетігін әзірледі. Мен оған келесі слайдтарда толығырақ тоқталамын.

Сондай-ақ, Отбасы банк даму әлеуеті төмен моноқалалардың тұрғындары үшін банк құралдары шеңберінде бастапқы жарнасы 10%, сыйақы мөлшерлемесі 5%, мерзімі 20 жылға дейін болатын жеңілдетілген ипотека бағдарламасын әзірлеуде.

Қазіргі уақытта, біз бағдарламаның негізгі параметрлерін мемлекеттік органдармен келісудеміз (ҚМ, ҰЭМ және ИИДМ).

Алдын ала есептеулер бойынша, бұл мақсаттарға 2022-2025 жылдары республикалық бюджеттен жыл сайын шамамен 11 млрд. теңге бөлу қажет. Өнімді іске қосу 2022 жылдың 1 тоқсанына жоспарланып отыр.

4-слайд

Тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі заң жобасы шеңберінде Отбасы банкінің базасында Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық құрылатын болады, ол тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алып, кезекке қоюды, сондай-ақ тұрғын үйге қолжетімділік сатысына сәйкес кезекке тұрған күні бойынша үйді бөлуді бір орталықтан жүзеге асыратын болады. Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорларымен біріктіріледі, бұл кезекте тұрғандар базасын жүргізу, мониторингілеу және өзектілендіру процесін автоматтандыруға, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды жасақтап, есепке қоюға мүмкіндік береді.

5-слайд

Министр айтып өткендей, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынатын үйді жалдау ақысын субсидиялау шеңберінде, Отбасы банк ҚР ИИДМ-мен бірлесіп, субсидиялау тетігін әзірледі. Слайдта жалға алынған тұрғын үй төлемдеріне қатысы бар барлық қатысушылары арасындағы өзара іс-қимыл механизмі көрсетілген.

Онлайн-банкингтегі процестер барынша автоматтандырылып, ақпаратты қағаз тасығышта сұрату алып тасталмақшы. Мәселен, өтініштерді қабылдау, табыс деңгейін және өзге де өлшемшарттарға сәйкестігін тексеру, тұрғын үй параметрлерін алу және тексеру, жалдау шарттарын қалыптастыру, қол қою және тіркеу онлайн режимде жүргізіледі.

Қазіргі уақытта, Платформа субсидиялау тетігіне байланысты пысықталуда.

Банктің 17 филиалында интернет қол жетімсіз адамдар үшін өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары дайындалады. Банктің филиалдары мен байланыс орталығы кеңес беріп, қолдау көрсетеді (аудио және бейне байланыс). Бағдарлама 2022 жылғы мамырда іске қосылады деп күтілуде.

6-слайд

Автоматтандыру мақсатында, мемлекеттік органдардың 16 дерекқорынан тұратын, слайдта көрсетілген сервистер қажет. Қазіргі уақытта, Отбасы банк ӘМ, ЦДИАӨМ, БҒМ, ҚМ, ЕХӘҚМ және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-пен интеграциялау мәселелерін пысықтауда және осы мекемелерге ресми хаттар жолданды.

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Мемлекет басшысының тапсырмасын уақытылы орындау мақсатында, осы мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар беруіңізді сұраймыз.

Назарларыңызға рахмет.

Барлық жарияланымдар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар