28.12.2021

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының Төрағасы А.Ә. Әріпхановтың ҚР Үкіметі отырысының «Құрылыс саласын дамыту туралы» мәселесі бойынша баяндамасы

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының Төрағасы А.Ә. Әріпхановтың  ҚР Үкіметі отырысының «Құрылыс саласын дамыту туралы» мәселесі бойынша баяндамасы

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Қадірменді Үкімет мүшелері!

2021 жылдың қорытындылары бойынша Бәйтерек холдингі тұрғын үй құрылысы шеңберінде мынадай басты нәтижелерге қол жеткізді.

2-слайд

Облигацияларды сатып алу тетігі арқылы кредиттік тұрғын үй салу бағыты бойынша әкімдіктерге жалпы сомасы 163,7 млрд. теңге қорландыру ұсынылды, бұл бекітілген жоспардың 100%-ы.

Қаражат әр 2 жыл сайын қайтатын негізде, жеңілдетілген жылдық 4,25%-бен беріледі.

2022-2025 жылдары 4 млн. шаршы метр кредиттік тұрғын үй (68,2 мың пәтер) салу үшін жалпы сомасы 869 млрд. теңгеге ЖАО облигациялары кумулятивті сатып алынатын болады.

3-слайд

Бүгінгі таңда, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша 2021 жылы халыққа жалпы сомасы 1,1 трлн. теңге болатын 73 мың жеңілдетілген қарыз берілді, оның ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 150 млрд. теңге сомасына 13,6 мың қарыз берілді.

Көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін жеңілдетілген жылдық 2%-бен кредит берілетін «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 2021 жылы 70 млрд. теңге бөлінді, 45 млрд. теңгеге 3 837 қарыз берілді, 10,2 млрд. теңгеге 873 қарыз қосымша мақұлданды. «Бақытты отбасы» бойынша 2022-2025 жылдарға арналған жоспар 240 млрд. теңгені құрайды.

4-слайд

Үлестік тұрғын үй құрылысы бойынша жалпы сомасы 362 млрд. теңге, ауданы 2 млн. шаршы метр тұрғын үй бойынша 73 жобаға кепілдік берілді.

Бұл коммерциялық нарықтан 21 мың пәтер сатып алуға салған халықтың салымдарын қорғауға мүмкіндік берді.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заң қолданысқа енген кезден бастап (2017 ж. бастап) жалпы ауданы 3,6 млн. шаршы метр тұрғын үй үшін (40 мың пәтер) 603,4 млрд. теңгеге 143 кепілдік берілді.

2025 жылға дейін жалпы 500 млрд. теңгеге жуық жобалар кепілдендіріледі.

Жеке құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау бойынша жалпы сомасы 27,8 млрд. теңгеге жобалар мақұлданды, ал жоспар 20 млрд. теңге болған.

Құрылыс компаниялары үшін коммерциялық кредиттердің құны орта есеппен 50%-ға арзандады (анықтама үшін: субсидия 14,75%-дан 7%-ға).

2025 жылға дейін жалпы сомасы 100 млрд. теңге сомасына жобаларға қолдау көрсетіледі.

5-слайд

Сонымен қатар, Қазақстан тұрғын үй компаниясы «Қазтізілім» үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жаңғырту жұмыстарын жүргізуде.

Компания жүйені мемлекеттік деректер базасымен ықпалдастыру арқылы дамытып, жаңғыртпақшы.

Бұл үлестік қатысу шарттарын электрондық тіркеуді 3 күннен 2 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді және жосықсыз құрылыс салушылардың тұрғын үйді нарықта «екі рет» сатуына жол бермейді.

6-слайд

Сонымен қатар, Қазақстан тұрғын үй компаниясы тұрғын үй құрылысының өзіндік құнын арзандату және қазақстандық өндірушілерді қолдау мақсатында Құрылыс материалдарының маркетплейсін әзірледі.

Бұл платформада құрылысқа қатысушылар өз тауарлары, жұмыстары, қызметтері туралы ақпаратты орналастырып, сондай-ақ мәмілелер жасаса алады.

Бүгінде құрылыс материалдарының витринасы қалыптастырылды, онда отандық өндірушілерге коммерциялық ұсыныстар жіберу функциясы бар.

Екінші кезеңде, платформаның мәртебесі және ол арқылы материалдарды сатып алу тәртібі анықталғаннан кейін, өінм берушілер мен құрылыс салушылар арасында онлайн шарттар жасасу функциясы әзірленетін болады.

Маркетплейс өнеркәсіптік пайдалануға 2022 жылғы 1-тоқсанда енгізілетін болады.

7-слайд

Тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі заң жобасы шеңберінде, Отбасы банкінің базасында Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Бұл жерде тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алу, кезекке қою, сондай-ақ тұрғын үй қолжетімділігі сатысына сәйкес, кезекке қойылған күні бойынша баспана бөлу бір орталықтан жүзеге асырылады. Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорларымен біріктірілетін болады.

Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банк мәртебесін ұлттық даму институты мәртебесіне ие банк етіп өзгерту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй ақысының бір бөлігін субсидиялау тетігін іске асыру бойынша Ұлттық жобадағы жоспарда 2022 жылға ЖАО-да кезекте тұрған 20 мың адам және 2025 жылдың соңына дейін кезекте тұрған 185 мың адам көзделген.

Сондай-ақ, «Отбасы банк» АҚ облыстардың әкімдерімен бірлесіп, банк құралдары шеңберінде, даму әлеуеті төмен моноқалалардың тұрғындарына арналған жеңілдетілген ипотека бағдарламасын әзірлейді, ол бойынша бастапқы жарна 10%, сыйақы мөлшерлемесі 2-5% шегінде. Өнім әзірленетін жоспарлы мерзім – 2022 жылдың 1 тоқсаны.

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Жалпы, осы жылдың қорытындысы бойынша, тұрғын үй құрылысы шеңберінде жоспарланған барлық индикаторларға қол жеткізілді.

Жұмыс одан әрі жалғасатын болады.

Назарларыңызға рахмет.

Барлық жарияланымдар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар