01.11.2021

ИИДМБ әсері қандай?

ИИДМБ әсері қандай?

10 жылдан астам уақыттан бері Қазақстан Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру арқылы бәсекеге қабілетті индустрияны мақсатты түрде құруда. Соның арқасында сұранысқа ие өнімдері бар елге қажетті өндіріс орындары мен ірі салық төлеушілер мен жұмыс берушілер болып табылатын компаниялар ашылуда.

ИИДМБ негізгі операторларының бірі «Бәйтерек» холдингі болып табылады, ол бағдарламаны еншілес ұйымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ арқылы жүзеге асырады. Банк, атап айтқанда, инфрақұрылымдық объектілерді (энергетика, көлік, телекоммуникациялар) және өңдеуші өнеркәсіптерді (металлургия, химия, мұнай-химия, фармацевтика, машина жасау және т.б.) құруды және дамытуды қаржыландырады.

Мәселен, екінші бесжылдықтың индустриялық бағдарламасы аясында тартылған қаражаттың жалпы көлемі 581 млрд теңгені құрап, ол ИИДМБ жобаларын қаржыландыруға жұмсалды. Бұл сомаға 29 жобаны қаржыландыру мақұлданып, оның 27-сі қаржыландырылды. 23 жоба іске асырудың жедел сатысында. Арнайы дайындалған инфографикада біз сізге қолдау көрсетілетін осы 23 кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық әсерін көрсетеміз.

Барлық жарияланымдар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар