14.07.2023

Бес жыл ішінде ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне сұраныс үш есе өсті

Бес жыл ішінде ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне сұраныс үш есе өсті

Қазақстанда жасалған ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру көлемі қарқын алғаны байқалады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ деректеріне сүйенсек, былтыр 2021 жылмен салыстырғанда 22 пайызға артқан. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры Нияз Көшкімбаевтің айтуынша, 2018 жылмен салыстырғанда оның көлемі үш есе өскен. 

«Курсив» холдинг өкілімен сөйлесіп, Қазақстан нарығындағы ауыл шаруашылығы техникасына сұраныстың жай-күйін білген еді.

- Екі жылдан астам уақыт бұрын «ҚазАгроҚаржы» компаниясының жалғыз акционері «Бәйтерек» холдингіне ауысып, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ еншілес компаниясы атанған. Содан бергі компаниялардың өзара әрекеттесуі мен прогресі туралы айтып берсеңіз.

– «Бәйтерек» Холдингінде құрылымды оңтайландыру бойынша жұмыс жалғасып, еншілес ұйымдардың саны қысқарып жатқанын еске салғым келеді. 2019 жылы олардың саны 14 болса, 2021 жылы сегізге азайды. Былтырғы наурызда «ҚазАгро» еншілес ұйымдары «Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобына кірді. Сол жылдың соңына қарай Холдингтің екі еншілес ұйымы – Аграрлық несие корпорациясы мен ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының бірігуі аяқталды.

2021 жылғы 13 желтоқсаннан бастап АШҚҚҚ клиенттерінің кредиттері бойынша барлық міндеттемесі, микробизнесті кредиттеу жөніндегі функциялар, Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру жөніндегі оператор және «Дипломмен ауылға!» жобасы аясындағы ауылдық несиелендірудің сенімді агенті міндеті Аграрлық несие корпорациясына өтті. 

Бір жылдан кейін, 2022 жылғы қарашада Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ эмитентінің шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді дефолт рейтингін «BB+» деңгейінен «BBB-» деңгейіне дейін көтерді. Рейтингтер бойынша болжам «Позитивтен» «Тұрақтыға» ауысты. Меніңше, бұл холдинг пен еншілес компанияларының ынтымақтастық көрсеткіштерінің деңгейі жоғары екенін, дұрыс таңдалған даму стратегиясы мен жұмыс тиімділігін көрсетеді.

– «ҚазАгроҚаржы» компаниясы жөнінде және қызметінің негізгі бағыттары туралы толығырақ айтып берсеңіз.

– Компания 1999 жылы 28 желтоқсанда құрылды. 23 жылдан астам уақыт бойы ауыл шаруашылық техникасын лизингке берумен айналысады. 15 филиалдан тұратын дамыған желісі қалыптасты. Компания портфелінде 11 мыңнан астам клиент бар. Ал басты міндет – сапалы және бәсекеге қабілетті лизингтік қызмет көрсетіп, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жарақтандыруды жақсартуға көмектесу.

Қызметіміздің негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығы техникасын, ауыл шаруашылығы жұмыстарына арналған арнайы техниканы, өнімді тасымалдауға арналған көлік құралдарын лизингке беру. Компания жыл сайын қаржыландыру көлемін ұлғайтуға тырысады. 2022 жылы біз отандық техника лизингі көлемінің өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға өскенін байқадық, ал 2018 жылмен салыстырғанда көлемі үш есеге жуық өсті.

- «Қазагроқаржы» Ауыл шаруашылығы техникасын белсенді қаржыландырады. Қаржыландырудың соңғы жетістіктері мен нәтижелері туралы айта аласыз ба?

– 2022 жылы 172,8 млрд теңгеге 6,8 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы қаржыландырылды. Оның 4752 бірлігі (100,7 млрд теңге сомасына) көктемгі егіс жұмыстары үшін, ал жалпы құны 72,1 млрд теңге болатын 2054 бірлік егін жинау жұмыстары үшін пайдаланылды.

Қазақстандық өндірістің қаржыландырылған техникасының үлесі 62 пайызды құрағанын атап өту маңызды. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскен. Ол кезде қаржыландыру үлесі небәрі 21 пайыз еді. Мұндай өсім отандық техника лизингінің жеңілдетілген бағдарламаларын, мысалы, «Жасыл-Даму» АҚ қаражаты есебінен лизинг бағдарламасы сияқты жобаларды іске асыру есебінен жасалды.

- Компанияның жеңілдікті бағдарламаларының негізгі мақсаттары мен клиенттері қандай?

– 2022 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ұлттық қор қаражаты есебінен 15,5 млрд теңге сомасына жылдық 6 пайызбен Қазақстанда жасалған ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі бағдарламасын іске асырды. Бұл тиімді шарттар арқылы әжептеуір техниканы қаржыландыруға мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, компания «Жасыл-Даму» АҚ қаражаты есебінен ҚР өндірісінің ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі бағдарламасын ұсынады. Оны іске асыру үшін Қазақстаннан 1 мыңға жуық өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 40 млрд теңге бөлінді. Қаржыландыру шарттарына сыйақы мөлшерлемесі 6 пайыз, лизинг мерзімі 10 жылға дейін және аванс 0 пайыз.


0C0CA6B1-39B4-4E19-B807-1E31C5D8B093.jpeg

2023 жылы компания республикада ауыл шаруашылығын қолдау үшін басқа да маңызды жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламаларын ұсынады. «Өз жем-шөбіміз» бағдарламасы мал шаруашылығын жем-шөппен қамтамасыз етуге және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайтуға бағытталған. Оған бюджеттік инвестициялардан 20 млрд теңге бөлінді. Қаржыландыру шарттары жылдық 6 пайыз мөлшерлеме, лизинг мерзімі 10 жылға дейін, аванс-лизинг нысанасы құнының 15 пайызын құрады. Осы бағдарлама шеңберінде лизинг алушы үшін қарсы міндеттемелер белгіленетінін, яғни, қаржыландыруды алғаннан кейін екі жыл ішінде еңбекақы төлеу және салық түсімдері қорын 10 пайызға ұлғайтуды атап өту маңызды.

«Қазақстанда жасалған» бағдарламасы елімізде өндірілген немесе құрастырылған ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландыруға арналған. «ҚазАгроҚаржы» таза пайдасын қайта бөлуді және Ұлттық қордың қаражатын қайта инвестициялауды қоса алғанда, оны іске асыруға 15 млрд теңге бөлінеді. Қаржыландыру шарттары жылдық 6 пайыз мөлшерлемені, лизинг мерзімін 10 жылға дейін және лизинг нысанасының құнының 15 пайыз АВ авансты қамтиды.

«Жасыл өнім» – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндірушілерді жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы. Оған көкөністер, жемістер, жидектер, сондай-ақ қант қызылшасы кіреді. Өздеріңіз білетіндей, кейінгі уақытта Қазақстан геосаяси жағдайдың салдарынан қант жеткізуде іркілістер мен қиындықтарды бастан өткерді. Содан кейін қант қызылшасын тікелей республика аумағында өсіру туралы бірқатар шешім қабылданды. «Жасыл өнімді» іске асыру үшін 10 млрд теңге бөлінді. Жылдық 6 пайыз мөлшерлеме, лизинг мерзімі 10 жылға дейін және лизинг нысанасы құнының 15 пайыз аванс шарттары қарастырылған. Басқа да жеңілдікті бағдарламалар бар. Оның бәрі отандық фермерлерге көмектесуге және қолдауға арналған.

– Биыл қандай нәтижелерге қол жеткіздіңіз?

– «Жеңілдікті лизинг» және «Қазақстанда жасалған» бағдарламалары бойынша жеткілікті деңгейде өтінім түсті. Сондықтан осы бағдарламаларға арнайы өтінім қабылдау тоқтатылды. Бірақ «Жасыл өнім» және «Өз жем-шөбіміз»» бағдарламалары бойынша өтінімдер әлі де қабылданып жатыр. «ҚазАгроҚаржы» қаржыландырудың жеңілдетілген бағдарламаларын іске асыруға 57,1 млрд теңге бөлді. Еншілес компаниямыз ауыл шаруашылығын қолдауды және осы саладағы отандық өндірісті дамытуды мақсат етіп отыр.

- «ҚазАгроҚаржы»-ның жақын болашаққа қандай жоспарлары мен мақсаттары бар?

– 2023 жылы техникаға сұраныстың артқанын көріп отырмыз. 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша компания Қазақстандық өндірілген тауарларды қоса алғанда, 5699 бірлік техниканы сатып алуға 152,5 млрд теңге сомасына өтінім алды. Біз лизинг шарттарын жасасу және бүкіл ел бойынша агроөнеркәсіп өндірушілерге қаржылық қолдау көрсету арқылы белсенді жұмыс істеуді жалғастырамыз.


Барлық жарияланымдар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар