01.08.2023

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ: қолжетімді кредиттер, бизнесті қолдау және АӨК дамыту

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ: қолжетімді кредиттер, бизнесті қолдау және АӨК дамыту

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында АӨК қаржыландыру қорытындысы бойынша сұхбат берді.

 – Нұрболат Серғалиұлы, өткен жартыжылдықта АӨК қаржыландырудың негізгі қорытындылары туралы айтып беріңізші.

 – Біздің холдингімізге кіретін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (АНК) және «ҚазАгроҚаржы» АҚ (ҚАҚ) 2023 жылдың 6 айында АӨК қаржыландыруға 364,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлді, бұл 2022 жылдың бірінші жартысынан 51%-ға артық (241,4 млрд теңге).

Негізгі бағыттарға келетін болсақ, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға 140 млрд теңге бағытталды. Кредиттерді жоспарланғаны 2400 АШТӨ болған кезде 3,8 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (АШТӨ) алды, оның ішінде 1,4 мыңнан астам жаңа АШТӨ (жоспар бойынша 240 АШТӨ). Осы қаражат есебінен 3,5 млн. га ауыл шаруашылығы жерлерін егу жүзеге асырылды, бұл 2 млн. га жоспарлы индикативтен 75%-ға жоғары.

Сонымен қатар, кредиттік серіктестіктер үлкен қолдау алды. 3,4 мың КС қатысушысы 126 млрд теңгеге қаржы алды. Бұл айтарлықтай өсім. Салыстыру үшін, өткен жылдың алғашқы 6 айында 79 млрд теңгеге 2,7 мың КС қатысушы ғана кредит алған.

Тағы бір маңызды міндет - ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту. Жарты жыл ішінде ҚАҚ лизингке 90,6 млрд теңгеге 3777 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қаржыландырды. Өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда қаржыландыру көлемінің 43%-ға айтарлықтай өсуі байқалады.

Жалпы, біздің компаниялардың АӨК саласындағы жұмысының барлық негізгі бағыттары бойынша оң динамика байқалады. Бұл өткен жылы агросекторғ кредит беру көлемі бойынша рекордтық көрсеткіш болғанын еске саламын, 522 млрд. теңгеден астам қаражат біздің фермерлерді қолдауға бағытталды.

 – Шағын бизнеске қандай қолдау көрсетілуде?

 – Біріншіден, барлық қаражаттың 97%-ын шағын және орта бизнес субъектілері санатына жататын кәсіпкерлер алғанын атап өткен жөн. Біздің қарыз алушының орташа бөлігі - бұл көбінесе отбасылық типтегі шағын шаруа қожалығы. Ағымдағы жылы кредиталған 10,6 мың қарыз алушының 9,2 мыңы - ШҚ/ФҚ және ЖК. Мұндай қарыз алушылар үшін кредиттің орташа мөлшері 17 млн. теңгені құрады.

Шағын бизнес үшін АНК-да арнайы «Іскер» микрокредит беру бағдарламасы жұмыс істейді, ол жылдық 6% мөлшерлеме бойынша микрокредит алуға мүмкіндік береді. Жарты жылда 16,5 млрд теңгеге 3,1 мыңнан астам шағын кредит берілді. Өткен жылы алғашқы 6 айда 5,6 млрд. теңгеге 861 шағын кредит қана берілді.

Бұл жерде айта кету керек, микрокредиттер тек ауыл шаруашылығына ғана берілмейді, ал бірақ негізгі өтінімдер, әрине, осы мақсаттарға келіп түсіп жатады. Бағдарламаның мақсаты негізінен ауылдық жерлерде және шағын қалаларда жұмыспен қамтуды қолдау және кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Сондықтан көптеген шағын кредиттерді дүкендер, КҚС, шаштараздар, кафелер және т.б. ашу сияқты шағын бизнес түрлері үшін алады. Ауылда бизнестің түрлеріне неғұрлым көп қолдау көрсетілсе, жұмыс орындары ашылса, жалпы ауылдық аумақтар соғұрлым жақсы дамиды.

 – Ағымдағы жылы қандай жаңа кредиттеу бағдарламалары іске қосылды?

 – 2023 жылы жастар кәсіпкерлігін қолдау бағдарламасын іске асыру басталды, онда АНК сенім білдірілген агент ретінде әрекет етеді. Бағдарлама 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерге арналған және жылдық 2,5% мөлшерлеме бойынша 5 млн теңгеге дейін жеңілдікті шағын кредит алуға мүмкіндік береді. Бұл бұрын-соңды болмаған қолайлы жағдайлар, жас, алғаш рет өз жолын бастаған кәсіпкерлер үшін жақсы қолдау.

Сенім білдірілген агент ретінде АНК өтінімдерді қабылдауды жүзеге асырады, бизнес-жобаларды бағалайды, қарыздарға қызмет көрсетеді. Кредит беру туралы шешімді әкімдіктер жанындағы конкурстық комиссиялар қабылдайды. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде АНК-ның бағдарлама талаптарына сәйкестігі қаралып, 14,7 млрд. теңгеге 3,2 мыңнан астам өтінім конкурстық комиссиялардың қарауына жіберілді.

 – Ауыл шаруашылығында, өздеріңіз білетіндей, ауыл шаруашылығы техникасының тозу деңгейі жоғары. Бұл бағытта қосымша шаралар қабылданады ма?

 – Сіз проблеманы дұрыс атап өттіңіз. Машина-трактор паркінің орташа тозуы шамамен 80% құрайды. Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейінің қарқыны жыл сайын өсіп, 2022 жылы 4%-дан асты. Бірақ бәсекеге қабілетті болу үшін біз жыл сайын 8-10% әлемдік жаңарту стандарттарына ұмтылуымыз керек.

Ол үшін ағымдағы жылы ҚАҚ өз қаражаты және бюджет қаражаты есебінен «Өз жемім», «Қазақстанда жасалған» және «Жасыл өнім» сияқты ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламаларын іске қосты. Осы бағдарламалар бойынша техниканы жылдық 6% мөлшерлемемен, 10 жылға дейін лизинг мерзімімен және 15%-дан басталатын аванстық төлеммен сатып алуға болады. Сондай-ақ, өткен жылы іске қосылған жылдық 6% мөлшерлемесі бар «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы әрекет етуде.

Лизингтің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қоса отырып, біз оларды іске асыруға 2023 жылы шамамен 57,1 млрд теңге бағыттауды жоспарладық. Алайда бағдарламалардың тартымды шарттары фермерлер тарапынан айтарлықтай сұранысты тудырды, сондықтан қазір біз жеңілдікті лизингті қаржыландыру үшін қосымша 20 млрд теңге тарту мәселесін пысықтап жатырмыз.

Осы бағдарламалар бойынша мына сәтті атап өткім келеді. 6% мөлшерлеме бірден қаржылық лизинг шартында белгіленеді. Бұл қымбат қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын басқа бағдарламалар сияқты мөлшерлемелерді субсидиялауға жүгінбеуге мүмкіндік береді. Осылайша, біз фермерлерді заманауи техникамен қамтамасыз ету мәселесін шеше отырып, бір мезгілде бюджет қаражатын үнемдеуге ықпал етеміз.


Барлық жарияланымдар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар