Байбазаров Нұрлан Серікұлы

Байбазаров Нұрлан Серікұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Ұлттық экономика министрі, Холдингтің директорлар кеңесінің мүшесі

Туған күні: 1975 жылғы 10 қазан.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы. 


Білімі:

Қазақ Мемлекеттік басқару академиясы, «Банк ісін ұйымдастыру» мамандығы (ҚР).                                         

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
  • 23 жылдық жұмыс өтілі бар, оның 7-і басшылық лауазымдарда. 1997-2003 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде жұмыс істеді.
  • 2004 жылдан 2011 жылға дейін жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының бастығы, инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директор, корпоративтік даму департаментінің директоры, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Корпоративтік хатшысы лауазымдарын атқарды.
  • 2013 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментін басқарды. Бұдан басқа, әр жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз Консалтинг» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жұмыс істеді.  
  • 2016 жылдан бастап 2022 жылғы қарашаға дейін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы болды.
  • 2022 жылдың қараша айынан 2023 жылдың қазан айына дейін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы болды.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Жалғыз акционерінің 2023 жылғы 05 қазандағы шешімімен Холдингтің Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2023 жылғы 11 қазандағы бұйрығымен бекітілген Жалғыз акционердің шешімімен №225 «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2024 жылғы 29 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Жалғыз акционердің шешімімен №72 «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Марапаттары: «Ерен еңбегі үшін» медалі.

Холдингтің акцияларын, сондай-ақ Холдингтің өнім берушілері мен бәсекелестері болып табылатын заңды тұлғалардың акциялары мен қатысу үлестерін иеленбейді.
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар