«Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – Ұлттық чемпиондар 2.0»

«Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – Ұлттық чемпиондар 2.0»

«Біз орта бизнестің көшбасшы компанияларын қолдау үшін «Ұлттық чемпиондар» бастамасын іске қосу қажеттігі туралы бұрыннан бері айтып келеміз. Бұл тапсырма біз үшін өте маңызды.

Олар экономиканы алға тартып, жан-жағынан ұсақ бизнестерді құратын болады. Олар үшін қаржылық, әдістемелік қолдау мен шетелдік тәжірибе шаралар пакеттері әзірленуі тиіс».

Н.Ә. Назарбаев          

Бағдарлама туралы

«Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – Ұлттық чемпиондар» бағдарламасы»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлт жоспарының 62-қадамында көрсетілген тапсырмасы бойынша әзірленді.

Бағдарламаның мақсаты

Өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған және технологиялық өндірістерін құруға жәрдемдесу

Бағдарламаны жүзеге асыру

2018 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында өтінімдерді қабылдау науқаны жүргізілді, оның барысында Холдинг 1000-нан астам өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарымен іріктеу жұмыстарын жүргізді. Барлығы Холдингке 94 компаниядан жобалармен 113 өтінім келіп түсті, олар үш кезеңде қаралды. Таңдаудың негізгі критерийлері нарықтық әлеует, қаржылық тұрақтылық, компанияның бизнес-үлгісінің тұрақтылығы және инвестициялық жобаның бейімділігі болды. 

Кешенді диагностика нәтижесінде Холдинг машина жасау, фармацевтика, тағам және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру салаларында 10 үміткер компанияны таңдады. Кәсіпорындарды қаржыландырудың жоспарланған жалпы сомасы 34,4 млрд теңгені құрайды.

Қазіргі жағдай

2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша таңдалған 10 компанияның ішінен:

  • Қаржыландырылған – 10 млрд теңгеге 5 жоба. Барлық жобалар пайдалануға берілді.
    Бұл жобаларға «Қазақстанның Даму банкі» АҚ, «Өнеркәсіпті дамуты қоры» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ және «Даму» КДҚ» АҚ қаржы құралдары арқылы кешенді қолдау шаралары көрсетілді
  • Қаралуда – 1 жоба

  • Өтініш берушілердің бастамасы бойынша тоқтатыла тұрған – 4 жоба

Нормативтік құқықтық актілер

  • «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» Ұлт жоспары

  • Бәсекеге қабілеттіліктің көшбасшылары - Ұлттық чемпиондар 2.0 бағдарламасы

Барлық бағдарламалар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта