«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген

Бағдарлама паспорты

Әзірлеу үшін негіздеме

"Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 Жарлығы

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Бағдарламаның мақсаты

Өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру

Міндеттері

  1. Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру.
  2. Өңдеу өнеркәсібі өндірген өнім көлемін ұлғайту.
  3. Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру.
  4. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.
  5. Кәсіпкерлердің құзыреттерін арттыру.
  6. Іскерлік байланыстарды кеңейту.

Іске асыру мерзімдері


2020 – 2024 жылдар

Нысаналы индикаторлары

Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2025 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:

  1. ЖІӨ-дегі ШОК үлесін кемінде 33,8 %-ке жеткізу.
  2. Бағдарламаға қатысушылардан түсетін салықтық түсімдерді 2017 жылғы деңгейден 2 есеге ұлғайту.
  3. Бағдарламаға қатысушылардың жаңа 30 мың жұмыс орнын құруы.
  4. ЖІӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесін кемінде 13,4 %-ке жеткізу.
  5. Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесін кемінде 13,7 %-ке жеткізу.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, «Бизнестің жол картасы - 2025» (бұдан әрі – бағдарлама) мемлекеттік бағдарламасының қаржылық операторы болып табылады және екінші деңгейдегі банктерден/даму банкінен/ лизингтік компаниялардан/микроқаржы ұйымдарынан алынған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары/микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің/даму банкінің/ микроқаржы ұйымдарының кредиттері/микрокредиттері бойынша ішінара кепілдік беру арқылы кәсіпкерлік субъектілерін келесі бағыттар шеңберінде қолдайды:

  1. шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлікті қолдау;
  2. кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау.

«Бизнестің Жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысу шарттары

Бірінші бағыт: қолдау шағын бизнес субъектілері, оның ішінде микрокәсіпкерлік

Бағдарламаның бірінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай қаржылық қолдау шараларын көрсетуді көздейді:

1) кредиттер/микрокредиттер/ қаржыландыру бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру;

2) ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін субсидиялау

Бағдарламаның бірінші бағытының қатысушылары шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

 Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және кредиттер/микрокредиттер бойынша ішінара кепілдік беруді көрсету шарттары мен тәртібі бағдарлама шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды беру және ішінара кепілдік беру қағидаларында регламенттеледі.

 Ломбардтардың, микроқаржы ұйымдарының және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, ислам банкінің табысын құрайтын тауарға сыйақы мөлшерлемесінің/үстеме бағаның бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру инвестициялық мақсаттарға және салалық шектеулерсіз айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады.

   Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын инвестициялық мақсаттарға кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың ең жоғары сомасы 20 (жиырма) млн. теңгеден аспайды және айналым қаражатын толықтыруға 5 (бес) млн. теңгеден аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға кредиттерге/микрокредиттерге жаңартылатын және/немесе жаңартылмайтын негізде кредит желісі түрінде жол беріледі. Бір қарыз алушыға арналған лимит 20 (жиырма) млн. теңгені құрайды. Кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды өтеу кезінде Қағидаларда белгіленген лимит шегінде қайта алуға жол беріледі.

 Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 8,5 пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

  Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 28 %-дан аспайтын МҚҰ микрокредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады, оның ішінде сыйақының номиналды мөлшерлемесінің 50 %-ын мемлекет өтейді.

  Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларындағы жобалар бойынша МҚҰ микрокредиттері бойынша жүзеге асырылады.

 Бұл ретте шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері үшін портфельдік ішінара кепілдік мөлшері кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының 85 %-ын қоса алғанға дейінгі соманы құрайды, кредиттің қалған сомасын кәсіпкер ЕДБ қалауы бойынша өтейді.

 Инвестициялық мақсаттарға кредиттер/микрокредиттер/ қаржыландыру бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 жылды, айналым қаражатын толықтыру 2 жылды құрайды.

 Ұсынылатын портфельдік ішінара кепілдік мерзімі кредит/микрокредит/ қаржыландыру мерзімінен аспайды.

Екінші бағыт: кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау

Бағдарламаның екінші бағыты кәсіпкерлерге / индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржылық қолдаудың мынадай шараларын көрсетуді көздейді:

1) кредиттер/қаржылық лизинг шарттары / мезониндік келісімдер және (немесе) банктердің/даму банкінің/тікелей инвестициялар қорларының/лизингтік компаниялардың қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

2) "жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

3) ислам банктерінің табысын құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау;

4) өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтерде, сондай-ақ Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

5) кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

6) "жасыл" облигация – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері шығаратын және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және (немесе) АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және "жасыл" жобаларды іске асыру мақсатында ақша қаражатын тарту үшін АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген, тіркелген кірісі бар борыштық құрал;

7) банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

8) өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтерде, сондай-ақ Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде банктер беретін кредиттер бойынша ішінара кепілдік беру.

Бағдарламаның екінші бағытының қатысушылары тиімді кәсіпкерлер/өз жобаларын салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері болып табылады:

 1) сауда қызметі саласындағы жобаларды (айналым қаражатын толықтыруға сомасы 100 млн. теңгеден аспайтын кредиттерден басқа);

 2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлер іске асыратын жобаларды (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);

3) ломбардтарды, микроқаржы ұйымдары мен лизингтік компаниялар.

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін "жасыл" жобалардың сыныптамасына (таксономиясына) сәйкес "жасыл" жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар болып табылады.

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде субсидиялар беру шарттарымен сілтеме бойынша өтіп танысуға болады.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдер және (немесе) тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін қарыздар бойынша жүзеге асырылады.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын барлық қолданыстағы кредиттерді ескере отырып, кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 7 (жеті) млрд.теңгеден аспайды.

Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, оның ішінде инвестицияларға бағытталған "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды.

Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 6%-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша, сондай-ақ "жасыл" жобаларды іске асыру үшін берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

180 (бір жүз сексен) млн.теңгеден астам кредиттер, оның ішінде "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер бойынша кәсіпкер жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10% - ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етеді.

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кепілдік беру шарттарымен сілтеме бойынша өтіп танысуға болады.

Кепілдік банктер тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге, оның ішінде қайта қаржыландыруға бағытталған жобаларды іске асыруға беретін кредиттер бойынша беріледі.

Кепілдік кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын жобаларын қоспағанда, Франчайзингті сатып алу жөніндегі жобаларды іске асыру үшін және/немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде салалық шектеулерсіз берілетін кредиттер бойынша да беріледі.

Кепілдік беру банктің кәсіпкер мен даму банкінің жобасы бойынша банк шешім қабылдаған күні жылдық 15% - дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Кәсіпкерлерге кепілдік беру шарттары:

1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредиттің (-тердің) сомасы банк кредиттері бойынша 1 (бір) млрд.теңгеден аспауға тиіс.

Кепілдік беру жүзеге асырылатын жекелеген кәсіпкерлік субъектілері кредиттерінің/қаржылық лизинг шарттарының жиынтық портфелі 100 (бір жүз) млрд. теңгеден аспауға тиіс;

2)кепілдік мөлшері кредит сомасының 50% - ынан аспайды, бұл ретте кәсіпкер кредит сомасының кемінде 50% - ы мөлшерінде кепілдік құны бар кредит бойынша қамтамасыз етуді ұсынады (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептеу кезінде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің КЕПІЛІ ескерілмейді).;

3) берілетін кепілдік мерзімі-кредит мерзімінен аспайды;

4) кредит валютасы-теңге.

Қоса алғанда 180 (бір жүз сексен) млн.теңгеден астам сомадағы кредиттер бойынша кәсіпкер жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10% - ы мөлшерінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақшасының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) қатысуын қамтамасыз етеді.

Бағдарламаны iске асыру

01.01.2021 жылдан бастап 01.11.2021 аралығындағы кезеңде барлық бағыттар бойынша жобаларды субсидиялау

ОБЛЫСЫ

«БЖК» 2-бағыт

«БЖК» портфельдік субсидиялау

«БЖК» экономиканың зардап шеккен секторлары

экономиканың зардап шеккен секторлары 2 толқын

экономиканың зардап шеккен секторлары 3 толқын

БАРЛЫҒЫ

Ақмола облысы

176

382

4

130

320

1012

Ақтөбе облысы

338

993

13

48

208

1600

Алматы облысы

266

782

35

143

16

1242

Атырау облысы

323

568

33

98

293

1315

Шығыс Қазақстан облысы

416

645

57

118

130

1366

Алматы қаласы

597

793

160

221

504

2275

Нұр-Сұлтан қаласы

553

913

18

189

544

2217

Шымкент қаласы

292

797

19

70

103

1281

Жамбыл облысы

329

931

30

17

195

1502

Батыс Қазақстан облысы

277

521

7

186

813

1804

Қарағанды облысы

247

477

7

239

658

1628

Қостанай облысы

282

410

1

27

92

812

Қызылорда облысы

380

882

40

124

242

1668

Маңғыстау облысы

314

779

35

155

322

1605

Павлодар облысы

371

402

4

39

236

1052

Солтүстік Қазақстан облысы

235

292

4

215

99

845

Түркістан облысы

154

913

21

25

1113

Жалпы қорытындысы

5550

11480

467

2040

4800

24337

 

01.01.2021 жылдан бастап 01.11.2021 жылға дейінгі кезеңде жобаларға кепілдік беру

Аймақ

Қол қойылған кепілдіктер саны

Кредиттің жалпы сомасы, теңге

Кепілдіктердің жалпы сомасы, теңге

Ақтөбе облысы

1187

15,900,611,856

9,494,230,762

Жамбыл облысы

1053

13,050,209,911

7,202,370,904

Нұр-Сұлтан қаласы

1030

24,516,546,908

11,822,477,399

Алматы облысы

925

16,179,006,241

8,264,900,445

Түркістан облысы

905

6,393,261,334

3,870,631,193

Шымкент қаласы

900

11,268,602,660

5,858,927,194

Алматы қаласы

880

22,069,949,502

9,887,237,807

Қызылорда облысы

827

11,633,221,912

5,473,019,040

Маңғыстау облысы

735

11,443,512,260

6,481,110,651

Атырау облысы

680

10,157,248,163

4,852,516,687

Шығыс Қазақстан облысы

595

10,980,291,562

5,633,178,440

Павлодар облысы

592

17,221,350,864

7,815,478,803

Батыс Қазақстан облысы

544

9,154,060,545

4,142,414,146

Қарағанды облысы

527

10,870,271,744

4,917,420,593

Қостанай облысы

507

9,980,443,845

4,660,946,225

Солтүстік Қазақстан облысы

412

12,713,638,417

5,779,583,092

Ақмола облысы

357

7,075,244,675

3,692,452,928

Жалпы қорытындысы

12656

220,607,472,398

109,848,896,309

Бағдарламаны іске асыру нәтижелері туралы толық ақпаратты Даму сайтынан қараңыз.

Нормативтік құқықтық актілер

Барлық бағдарламалар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта