01.03.2023

«Бәйтеректің» 2022 жылғы табысы өзінің 10 жылдық тарихындағы рекордты жаңартты

«Бәйтеректің» 2022 жылғы табысы өзінің 10 жылдық тарихындағы  рекордты жаңартты
- Құрметті Ержан Эракович, жақында 2022 жыл аяқталды. Оның Бәйтерек үшін қалай аяқталғанын айтып беріңізші? Жылдың қорытынды қандай? 
- Жыл қорытындысына көшпес бұрын, мен «Бәйтеректегі» жұмыс туралы өзімнің жеке әсеріммен бөліскім келеді, өйткені мен 3 ай бұрын командаға әртүрлі жеке және халықаралық ұйымдарда ұзақ жұмыс істегеннен кейін қосылдым. 
«Бәйтерек» холдингі өз мәні бойынша экономиканың басым секторларын дамытуға және ипотекалық кредиттеу және басқа да қаржы құралдары арқылы азаматтарымызға тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға жауапты бірегей мемлекеттік қаржы институты. 
Әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттік бағдарламалардың, жобалардың және т. б. қаржы операторлары болып табылатын ұқсас мемлекеттік институттар бар. 
Егер сіздің сұрағыңызға жауап беретін болсақ, жыл нәтижелі болды деп сенімді түрде айта аламыз, көптеген жұмыстар істелді. Егер қаржылық нәтижелерге көшсек, онда активтер 2020 жылмен салыстырғанда 2 есе өсіп, 2022 жылы 13 трлн теңгеге жетті. Біздің холдингтің бүкіл 10 жылдық тарихындағы тарихи рекордты бұзып, 350 млрд теңгеге жеткен таза пайда түріндегі көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 5 есе немесе 2021 жылмен салыстырғанда 3 есе көп. 
- Қаржылық көрсеткіштер түсінікті. Ал «Бәйтерек» ШОБ-ты қолдау үшін қндй істер тындырды?
- Біз ШОБ біздің экономикамыздың драйвері бола алатынын түсіне отырып, оған белсенді түрде көмектесеміз. ШОБ-ты қолдаудағы «Бәйтеректің» үлесі 2022 жылы 15%-ды құрады. Жалпы 50 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілді. Қолдау көрсетілген жобалардың негізгі үлесін өңдеу өнеркәсібі секторы құрайды. 
Жеңілдетілген мемлекеттік қаражаттың шектеулі екенін және біз кәсіпкерлердің барыншы көп санын қамти алмайтынымызды жақсы түсінесіздер. Дәл осы мақсатта біз «орташа чекті» бір қарыз алушыға 48,9 млн теңгеден 40,5 млн теңгеге дейін төмендеттік, бұл өткен жылмен салыстырғанда ШОБ-ты көбірек қамтуға мүмкіндік берді.  
Холдинг желісі бойынша көрсетілген көмек біздің микро және шағын кәсіпорындарымыздың орташа мөлшерге дейін өсуіне, ал орта бизнестің экономикамызды осылайша нығайта отырып, ірі кәсіпкерлер дәрежесіне өтуіне көмектеседі деп сенемін. 
- Ал ірі бизнесті қолдау үшін не істелуде? Оларға мемлекет көмектесуі керек пе? 
Менің ойымша, егер бұл бизнес жаңа технологияларға инвестиция салып, бірегей өндірістер құрып, үлкен әлеуметтік-экономикалық нәтиже берсе, ірі бизнеске де көмектесу керек. Дәл осындай бизнес жоғары қосылған құны бар өнімдерді шығаруға және елімізден тыс жерлерде бәсекелесуге қабілетті болмақ. 
2022 жылы холдинг желісі бойынша жалпы сомасы 685 млрд теңгеге 238 жоба қолдау тапты. Қаржыландырылған кәсіпорындар шеңберінде тек «Қазақстанның Даму Банкі» және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» желісі бойынша еліміздің бюджетіне 100 млрд теңгеден астам қаржы төленді, ал өткен жылы пайдалануға берілген ірі жобалар 2,5 мың білікті жұмыс орнын ашты. 
- Ал сіздер қазақстандық бизнеске өз өнімдерін шет елдерге экспорттауға көмектесіп жатырсыздар ма? Бұл бағытта қандай жетістіктер бар? 
- Ия, бұл үшін біздің «KazakhExport» еншілес компаниямыз бар, оның мақсаты біздің экспорттаушыларымызды сенімді қорғай отырып, оларға елдің экспорттық әлеуетін дамытуға көмектесу. 
Фокус әсіресе шикізаттық емес секторды дамытуға бағытталған. Осылайша, шикізаттық емес сектордағы «Бәйтерек» қолдауының үлесі 2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 10%-ды құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп. Қолдау тапқан экспорттаушылар өткен жылы өз өнімдері мен қызметтерін шамамен 24 миллиард долларға сатты. 
- Өзіңіз үшін мақтан тұтатындай қандай жобалар туралы толығырақ айта аласыз? 
- Біздің қоржынымызд елімізде теңдесі жоқ бірегей жобалар бар. Мысалы, Қарағанды облысы, Саран қаласында отандық бюджеттік автомобиль шиналарын өндіру жобасы. Өндірісте жылына 3,5 млн шина шығарылатын болады деп жоспарлануда, бұл болашақта бюджеттік шиналарға ішкі сұранысты қанағаттандырып қана қоймай, оларды көрші елдерге экспорттауға мүмкіндік береді.  
Бұл жобаның ерекшелігі-өндірісте 1000-нан астам жұмыс орны құрылып, 43 мың адамнан тұратын қала дамуға жақсы серпін береді. Осы қалада болғанда, ұзақ кідірістен кейін қала жайлап жанданып келе жатқанын көресіз және мұндай жобалар осы аймаққа бұрынғы даңқын қайтара алады деп үміттенеміз. 
Біз 2023 жылы қаржыландырамыз деп күтіп отырған тағы бір жоба - Қытайдың ең ірі Сherry, Changhan, Haval брендтерінің автомобильдерін шағын тораптық құрастыру. Инвестор Астана-Моторс болып табылады және өндірістік қуаты жылына 90 мың автомобильге жетеді деп күтілуде. Бұл жоба қазақстандық автомобильдерді басқа елдерге экспорттауға мүмкіндік беріп қана қоймай, кластерлік дамуға үлкен серпін береді. Зауыттың айналасында автомобиль жасау үшін түрлі өнімдер шығаратын ондаған және жүздеген шағын және орта кәсіпорындар салынатын болады.  


Қарағанды облысы, Саран қаласындағы «KamaTyresKz» ЖШС жобасының суреті. 

2 (4).jpg


3 (4).jpg

Барлық жарияланымдар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар