Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

01.04.2024

Активтерді басқару департаментінің бас менеджері

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Активтерді басқару департаментінің бас менеджері бос лауазымына негізгі қызметкер болмаған кезеңге үміткерді іздейтінін хабарлайды.

Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Активтерді басқару департаментінің бас менеджері.

Лауазымдық міндеттері: Холдингтің Cтратегиясы және Холдингтің және ЕҰ ішкі нормативтік құжаттары шеңберінде, жетекшілік ететін ЕҰ Директорлар кеңесінің қызметін қамтамасыз ету, жетекшілік ететін ЕҰ активтерін басқару және Холдингтің активтерін тиімді корпоративтік басқару жөніндегі стратегиялық және операциялық міндеттерге қол жеткізу мақсатында департаменттің құзыреті шегінде ЕҰ қызметін үйлестіру.

Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан): Басқару/ менеджмент, экономика, бизнес/іскерлік әкімшілендіру, қаржы, құқық саласындағы жоғары білім.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түрінде (Холдингтің компаниялар тобындағы мақұлданады) және/немесе мемлекеттік басқару органдарында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

 

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет:

• Департаменттің жобалық кеңсесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу: «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Қазақстанның Даму Банкі туралы», «Өнеркәсіптік саясат туралы»;                           

• Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін және ағылшын тілін білу (мақұлданады);                                      

• Корпоративтік басқару негіздерін білу.

                                                 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

• Презентациялар дайындау және іскерлік қарым-қатынас дағдылары;                       

• Ақпаратты жедел өңдеу және талдау дағдылары;                                             

• Қаржылық талдау жүргізу дағдылары, электрондық кестелермен жұмыс тәжірибесі;

• Нақты іс-қимыл жоспарларын болжау және әзірлеу дағдылары;        

• Электрондық құжат айналымы жүйелерін қолдану дағдылары;                                 

• Озық пайдаланушы деңгейінде MS Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларын пайдалану дағдылары.          

                                     

Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:

Коммуникация және көшбасшылық;

Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау;

Жұмыс процестеріне ықпал ету;

Жұмысты ұйымдастыра білу;

Өзгерістерге бейімделе білу;

Командамен жұмыс істей білу;  

Жауапкершілік;

Даму.

 

Жұмыс шарттары:

Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2

Жалдау нысаны: еңбек шарты

Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру

Орналасқан жері: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы

                                     

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz email арқылы 05.04.2024 ж. дейін қабылданады.

Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар