Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

01.04.2024

Ақпараттық технологиялар департаментінің бас менеджері

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ақпараттық технологиялар департаментінің бас менеджері бос лауазымына үміткерді іздейтінін хабарлайды.

Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Ақпараттық технологиялар департаментінің бас менеджері.

Лауазымдық міндеттері: ҚР заңнамасының, Холдингтің ақпараттық технологиялар (бұдан әрі – АТ) саласындағы ішкі нормативтік құжаттарының талаптары шеңберінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Холдингтің стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуіне жәрдемдесуге жауапты болады.

Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан)(: Ақпараттық/телекоммуникациялық технологиялар немесе экономика саласындағы жоғары білім.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет:

• «Акционерлік қоғамдар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Ұлттық басқарушы холдингтер туралы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу;

• Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін және ағылшын тілін білу;

• Холдингтің ішкі нормативтік құжаттары, оның ішінде Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидалары; Корпоративтік әдеп кодексі; Ақпаратты ашу туралы саясат; АТ қауіпсіздік қағидалары; Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасының нормалары және т.б.;

• Инвестициялық жобаларды талдау, бағалау және құрылымдау негіздерін білу;

• Бизнес-процестерді ұйымдастыруды білу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

• Жобаларды басқару дағдылары;

• Нормативтік құжаттаманы әзірлеу дағдылары;

• Сатып алу, бюджеттерді қалыптастыру рәсімдеріне қатысу тәжірибесі;

• Іскерлік хат алмасу, келіссөздер жүргізу дағдылары;

• Презентация дайындау және іскерлік қарым-қатынас дағдылары.

Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер (қолданыстағы Құзыреттілік моделіне сәйкес):

Коммуникация және көшбасшылық;

Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау;

Жұмыс процестеріне ықпал ету;

Жұмысты ұйымдастыра білу;

Өзгерістерге бейімделе білу;

Командамен жұмыс істей білу;  

Жауапкершілік;

Даму.

 

Жұмыс шарттары:

Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2

Жалдау нысаны: еңбек шарты

Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру

Орналасқан жері: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы

                                     

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz email арқылы 05.04.2024 ж. дейін қабылданады.


 

Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар