Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

09.01.2024

Тәуелсіз директор

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның тәуелсіз директорлары бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

 

Бос лауазымның атауы: тәуелсіз директор

Құрылымдық бөлімшенің атауы: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдн әрі – Банк) Директорлар кеңесі

 

1.     Тәуелсіз директорларға қойылатын жалпы талаптар

1.1. Үміткер директорлар кеңесіне тәуелсіз директор болып сайлану үшін:

1.1.1. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес тәуелсіз директордың анықтамасына сәйкес келуі тиіс.

1.1.2. Банк қызметіне сипаты мен көлемі жағынан ұқсас ұйымға тән негізгі мәселелер жөнінде жалпы ақпаратты білуі тиіс, осыған дейін ұқсас салада/секторда халықаралық тәжірибесі және кемінде 2 (екі) жыл кәсіби тәжірибесі болуы тиіс, сондай-ақ:

1) Қоғамға қатысты заңнама талаптарын;

2) ұлттық және халықаралық нарықтардағы бәсекелес ортаны түсінетінін көрсетуі тиіс.

1.1.3. Ұсынылған ақпаратты талдап, жан-жақты бағалай білуі тиіс және заңдылық, әділеттілік пен барлық акционерлерге бірдей қарым-қатынас қағидаттары негізінде тиісті мәселе бойынша тәуелсіз ұстаным ұсынуы тиіс. Өз пікірін білдіріп, көзқарасын дәйекті қорғай білу қабілеті болуы тиіс.

1.1.4. Корпоративтік басқару және тұрақты даму қағидаттарын білуі тиіс.

1.1.5. Іскерлік және (немесе) салалық ортада мінсіз беделі/оң жетістіктері болуы тиіс. Үміткердің өмірбаянында экономикалық қызмет саласында қылмыс жасау, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте әкімшілік құқық бұзушылық фактілері болмауы тиіс.

1.1.6. Директорлар кеңесінің жұмысына қатысу, Директорлар кеңесінің отырыстарына қатысу және одан тыс уақытта Директорлар кеңесінің отырыстарына арналған материалдарды тиісінше зерделеу үшін жеткілікті уақыты болуы тиіс.

1.1.7. 3 (үштен) көп басқа компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі болмауы тиіс.

1.1.8. Жыл сайын тәуелсіздігін растау рәсімінен өтуі тиіс және тәуелсіз директор мәртебесін жоғалтқан жағдайда компанияны хабардар етуі қажет.

 

2. Арнайы талаптар

 

2.2. Қаржы, аудит және бақылау саласындағы тәуелсіз директор-маман лауазымына үміткерлерге қойылатын арнайы талаптар.

2.2.1. Экономика және (немесе) қаржы саласындағы жоғары білім, қаржылық менеджмент/қаржылық анализ/бухгалтерлік есеп/салық салу/аудит/тәуекел менеджменті саласындағы қосымша білім/кәсіби сертификатталуы.

2.2.2. Мамандығы бойынша еңбек өтілі 7 жылдан кем болмауы тиіс.

2.2.3. Қаржы ұйымдарының басқару органдарында немесе атқарушы органдарында/холдинг құрылымдарында/мемлекеттік органдарда/халықаралық қаржы ұйымдарында/қаржы қызметтерін реттеу саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі және (немесе) қаржы аудитін жүргізу/комплаенс менеджменті бойынша қызмет көрсететін ұйымдарда басшы/әріптес ретінде/басқару органдарында/атқарушы органдарда жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

 

2.3. Сыйақы/әлеуметтік мәселелер/корпоративтік мәдениет саласындағы тәуелсіз директор - мамандар лауазымына кандидаттар үшін арнайы талаптар.

2.3.1. Жоғары білім және (немесе) «Іскерлік әкімшілендіру магистрі»/»Философия докторы» дәрежесі және (немесе) басқару (менеджмент) саласындағы қосымша білім. Персоналды басқару/әлеуметтік даму теориясы бойынша білімге ие болу.

2.3.2. Холдингтік құрылымдардағы/ұлттық компаниялардағы басқару органдарында немесе атқарушы органдарда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі және (немесе) басқару органдарында/атқарушы органдарда және (немесе) бизнес немесе HR консалтинг саласында мамандандырылған компанияларда басшы/серіктес ретінде жұмыс тәжірибесі және (немесе) HR директор/жылдық айналымы кемінде 20 млн.АҚШ долларын құрайтын қазақстандық және халықаралық компаниялардағы HR/ Заң сараптамасы/ корпоративтік жанжалдарды реттеу мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшеге жетекшілік ететін басшы ретінде тәжірибесі.

2.3.3. Басшылық лауазымдарда/жоғары және орта басқару буынының персоналымен жұмыс саласында кемінде 5 жыл тәжірибесі болуы тиіс.

 

2.4. Инвестицияларды басқару саласындағы тәуелсіз директор - мамандар лауазымына кандидаттар үшін арнайы талаптар.

2.4.1. Қаржы, корпоративтік қаржы, инвестициялар, инвестициялық менеджмент немесе инвестициялық талдау саласындағы жоғары білім, бухгалтерлік есеп/тәуекел менеджменті/ қаржы саласындағы қосымша білім/ кәсіби сертификаттау.

2.4.2. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау, бағалы қағаздар портфелін басқару қағидаттары, инвестицияларды бағалау әдістері, қаржылық есеп және есептілік стандарттары саласындағы білім.

2.4.3. Инвестициялық қызмет саласындағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 7 жыл.

2.4.4. Басқару органдарында/атқарушы органдарда/ басшы лауазымдарда (құрылымдық бөлімшелерді үйлестіруді жүзеге асыратын және олардың негізінде қаржылық операциялар жүргізілетін құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымдарда) инвестициялық қызметті/компанияларды жылдық айналымы кемінде 20 млн. АҚШ доллары болатын қор нарығына шығаруды жүзеге асыратын қаржы ұйымдарында/холдингтік құрылымдарда /мемлекеттік органдарда/ халықаралық даму банктерінде/ халықаралық қаржы/сақтандыру компанияларында/ халықаралық ұйымдарда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі.

 

2.5. Инновацияларды дамыту саласындағы тәуелсіз директор - мамандар лауазымына кандидаттар үшін арнайы талаптар.

2.5.1. Менеджмент саласындағы жоғары техникалық/экономикалық/қаржылық білім және (немесе) жоғары білім, инновациялық менеджмент саласындағы қосымша дайындық.

2.5.2. Жалпы жұмыс өтілі кемінде 7 жыл. Басқарушы лауазымдарда/инновациялық менеджмент саласындағы сарапшы ретінде кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.

2.5.3. Инновацияларды дамыту және енгізу тиімділігін бағалау саласындағы білім және практикалық тәжірибе, ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру және қаржыландыру принциптерін білу.

2.5.4. Инновациялық жобаларды басқарудағы, жаңа идеяларды іске асырудағы, практикалық іске асыруды бастаудағы және оны бірегей қасиеттері бар тұтыну тауарларын құрғанға дейін өміршең үнемді өнімге және (немесе) жоғары технологиялар негізінде жаңа өнімдерді әзірлеудегі тәжірибеге айналдырудағы тәжірибе.

2.5.5. Қазақстан Республикасының басым/базалық салалары нарығында, сондай-ақ нарықтың қажеттілігін айқындау және бағалау үшін инновациялық өнім нарығында қалыптасқан жағдайды білу.

 

2.6. Кәсіпкерлікті дамыту саласындағы тәуелсіз директор - мамандар лауазымына кандидаттар үшін арнайы талаптар.

2.6.1. Жоғары білім, менеджмент/қаржы/құқық саласындағы қосымша білім.

2.6.2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын білу.

2.6.3. Жалпы жұмыс өтілі кемінде 7 жыл. Басшы лауазымдардағы, орта бизнес ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

2.6.4. Бәсекеге қабілетті өнімдер шығаратын және (немесе) нарықта кемінде 5 жыл жүрген сапалы және талап етілетін қызметтер көрсететін табысты компанияны (орта бизнесті) нөлден құру/жүргізу (меншік иесі/серіктес/басқарушы немесе атқарушы органның мүшесі/бірінші басшы ретінде) тәжірибесі.

 

3. Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:

1. Мотивация («жұмысқа барынша берілу» ішкі құндылығы және волонтерлыққа дайын болу)

2. Қоғам қызметі шеңберіндегі кәсіби құзыреттілік

3. Негізгі құзыреттер: әдептілік, командада жұмыс істеу, жауапкершілік, стратегиялық болжам жасау, белсенді қатысу

                                               

4. Жұмыс жағдайы:

Жалдау нысаны: шарт

 

5. Директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды іріктеу кезінде мыналар назарға алынады:

1) басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі;

2) директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі жұмыс тәжірибесі;

3) жұмыс өтілі;

4) халықаралық сертификаттардың болуын қоса алғанда, білімі, мамандығы;

5) бағыттар мен салалар бойынша кемінде 2 жыл құзыретінің/басшылық тәжірибесінің болуы (салалар активтер портфеліне байланысты өзгеруі мүмкін);

6) іскерлік бедел;

7) тікелей немесе ықтимал мүдделер қақтығысының болуы:

8) «Сертификатталған директор» директорының кәсіби сертификатының болуы (тәуелсіз директорлар үшін).

 

6. Директорлар кеңесіне:

1) Банкпен бәсекелес заңды тұлғаның қатысушысы, атқарушы органының басшысы, басқару органының мүшесі немесе қызметкері болып табылатын тұлға;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесінің төрағасы, атқарушы органының бірінші басшысы, бірінші басшының орынбасары, бас бухгалтері болған адам сайлана алмайды. Бұл талап белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады;

5) жалғыз акционердің өкілі болып табылатын директорлар кеңесінің мүшесін қоспағанда, төрт және одан да көп компаниялардың директорлар кеңесінің мүшесі болып табылатын адам сайлана алмайды.

 

Тәуелсіз директор лауазымына арналған конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер a.zhaparova@baiterek.gov.kz электронды поштасына мына құжаттарды ұсынады:

1) қоса берілген үлгіге сәйкес конкурстық іріктеуге қатысу туралы үміткердің өтініші;

2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) қоса берілген нысанға сәйкес үміткер туралы мәлімет.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 21 қаңтарға дейін (қоса алғанда)


Қосымша: Өтініш келісім


Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар