Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

09.01.2024

Корпоративтік хатшы қызметінің бас менеджері

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік хатшы қызметінің бас менеджері бос лауазымына үміткерді іздейтінін хабарлайды.

Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Корпоративтік хатшы қызметінің бас менеджері.

Лауазымдық міндеттері: Холдингтің Директорлар кеңесі мен Директорлар кеңесі комитеттерінің қызметін сүйемелдейді және қолдау көрсетеді, сондай-ақ олардың қызметінің тиімділігін арттыру және Холдингтің, сондай-ақ оның еншілес ұйымдарының Директорлар кеңесі мен Директорлар кеңесі комитеттерінің қызметіне корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесін енгізу мақсатында «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Холдингтің Жрғысына және Директорлар кеңесі туралы ережеге сәйкес олар қабылдайтын шешімдердің орындалуын бақылайды.

Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан):

Жоғары заңгерлік немесе экономикалық білім.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түрінде (Холдингтің компаниялар тобындағы мақұлданады) және/немесе мемлекеттік басқару органдарында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет:

Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар, мемлекеттік мүлік және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасын білу;                                                    

Эмитенттің, акционерлердің, директорлар кеңесінің және директорлар кеңесі комитеттерінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу;        

Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға қолданылатын уәкілетті органдардың бұйрықтарымен бекітілген қағидаларды білу;                           

Корпоративтік басқарудың қазақстандық және халықаралық стандарттарын, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік басқару кодексін білу;                                                          

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласын білу;                                      

Холдингтің қаржылық-шаруашылық қызметін білу;                               

Қақтығыстарды басқару саласын білу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

ұйымдастырушылық, аналитикалық және дипломатиялық дағдылар;                             

тиімді қарым-қатынас жүргізу (келіссөздер, іскерлік хат алмасу) дағдылары;            

дау-жанжалдарды шешу дағдысы, төзімділік және стресске төзімділік;    

жұмыста икемді болу және шығармашылық таныту дағдысы;

ресурстарды оңтайлы бөлу және мақсаттарға жету үшін жұмысты жоспарлау дағдысы;                                                     

ақпараттық технологиялар жүйелерін (Word, Excel, PowerPoint, Outlook) және т.б. қолдана білу дағдысы.                                      

Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:

Коммуникация және көшбасшылық;

Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау;

Жұмыс процестеріне ықпал ету;

Жұмысты ұйымдастыра білу;

Өзгерістерге бейімделе білу;

Командамен жұмыс істей білу;  

Жауапкершілік;

Даму.

 

Жұмыс шарттары:

Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2

Жалдау нысаны: еңбек шарты

Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру

Орналасқан жері: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы

                                     

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz email арқылы 15.01.2024 ж. дейін қабылданады.

Хат тақырыбында «КХҚ бас менеджері» деп көрсетуді сұраймыз.

Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар