Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

12.10.2023

Жобалармен жұмыс департаментінің директоры

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Жобалармен жұмыс департаменті директорының бос лауазымына «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ кандидат іздеуді жариялайды.

Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Жобалармен жұмыс департаментінің директоры.      

Лауазымдық міндеттері: бөлімшеге жалпы басшылықты жүзеге асырады, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарының инвестициялық жобаларын құрылымдау, талдау және мониторингілеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ инвестициялық саясатын тиімді іске асыру мақсатында ішкі регламенттеуші құжаттар шеңберінде еншілес ұйымдардың қарауындағы инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды, олардың өсуіне, бизнесті масштабтауға және тиімділігін арттыруға жәрдемдесу мақсатында «Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары – Ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасын іске асырумен, ҚР заңнамасымен және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ішкі нормативтік құжаттарымен жұмыс жасайды.

Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан): экономика/қаржы/менеджмент/құқық саласындағы жоғары білім.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 7 жыл;

Ұйымның бейініне сәйкес экономикалық қызмет түрінде кемінде 2 жыл («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ компаниялар тобында және/немесе мемлекеттік басқару органдарында тәжірибесі болса құпталады);

Орындаушылар тобын басқару бойынша кемінде 3 жыл, не Бірыңғай кадр резервіне қабылдау, не кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 2 жыл жұмыс өтілінің болуы, оның ішінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ компаниялар тобында кемінде 1 жыл.

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

·       Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері;

·       «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

·       «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

·       «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарын қолдау құралдарын білу;

·       Корпоративтік қаржы саласындағы білім;

·       «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметінің саласын және Қаржы нарығын білу;

·       Жобаларды басқару негіздері;

·       Қаржылық талдау және қаржылық модельдеу;

·       Инвестициялық жобаларды талдау және бағалау;

·       Макроэкономикалық және салалық талдау;

·       ҚР Инвестициялар, банк қызметі, кәсіпкерлік және мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасы;

·       Қолданыстағы мемлекеттік даму бағдарламалары;

·       Жобаларды басқару негіздері;

·       Ағылшын, орыс және мемлекеттік тілдерді білу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

·       Жобаларды басқару;

·       Инвестициялық жобалар бойынша талдамалық қорытындылар дайындау;

·       Аналитикалық материалдарды (анықтамалар, тизерлер және т. б.), презентациялар мен баяндамаларды дайындау;

·       Microsoft Office бағдарламаларын білу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:

Байланыс және көшбасшылық;

·       Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау;

·       Жұмыс процестеріне әсері;

·       Жұмысты ұйымдастыру;

·       Өзгерту мүмкіндігі;

·       Командалық;

·       Жауапкершілік;

·       Даму.                                                                          

Жұмыс шарттары:

·       Жұмыс режимі: толық жұмыс күні, 5/2

·       Жалдау нысаны: еңбек шарты

·       Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру

·       Орналасқан жері: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, В блогы

      

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері 17.10.2023 ж. дейін hrd@baiterek.gov.kz email-де қабылданады.

 

Хаттың тақырыбында «ЖЖД директоры» деп көрсету керек.

 

Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар