"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
- Холдинг туралы
"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын
Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Жобалармен жұмыс департаментінің бас менеджері.
Лауазымдық міндеттері: «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның Инвестициялық саясаты шеңберінде инвестициялық саясаттың іске асырылуын және еншілес ұйымдардың инвестициялық саясат талаптарының орындалуын мониторингілеуді, жобаларды мәлімдеушілермен өзара іс-қимылды және инвестициялық жобаларды құрылымдау және қарау шеңберінде еншілес ұйымдарды үйлестіруді, сондай-ақ Холдингтің инвестициялық қызметі бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан):
Экономика/қаржы/қолданбалы математика/құқық/техникалық ғылымдар саласындағы жоғары білім.
Лицензиялардың, сертификаттардың және т.б. болуына қойылатын талаптар: Жобалық басқару саласындағы сертификат, қаржы саласындағы сертификат (мақұлданады)
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;
Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түрінде (Холдингтің компаниялар тобында артықшылықпен) және/немесе мемлекеттік басқару органдарында кемінде 1 жыл.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін мыналарды білуі қажет:
Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері;
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
Ағылшын, орыс және мемлекеттік тілдерді білу;
Жобаларды басқару негіздері;
Қаржылық талдау және қаржылық модельдеу;
Инвестициялық жобаларды талдау және бағалау;
Макроэкономикалық және салалық талдау негіздері;
Инвестициялар, банк қызметі, кәсіпкерлік саласындағы ҚР заңнамасы («Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы);
Қолданыстағы мемлекеттік даму бағдарламалары;
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарын қолдау құралдарын білу;
Корпоративтік қаржы саласындағы білім;
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметінің саласын және қаржы нарығын жақсы білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
Дамыған аналитикалық қабілеттер;
Инвестициялық жобалар бойынша талдамалық қорытындыларды өз бетінше дайындау білігі;
Жобалар бойынша қаржылық модельдерді құру және талдау (базалық модельдеу);
Талдау материалдарын (анықтамалар, тизерлер және т. б.), презентациялар мен баяндамалар, инвестициялық меморандумдар дайындаудағы тәжірибе;
Microsoft Office негізгі бағдарламаларын білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:
Коммуникация және көшбасшылық;
Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау;
Жұмыс процестеріне ықпалы;
Жұмысты ұйымдастыру;
Өзгерістерге қабілеті;
Командалық;
Жауапкершілік;
Дамыту.
Жұмыс шарттары:
Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2
Жалдау нысаны: еңбек шарты
Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
Орналасқан жері: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55А, B блогы
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері hrd@baiterek.gov.kz email арқылы 21.08.2023 ж. дейін қабылданады.
Хат тақырыбында «ЖЖД бас менеджері» деп көрсетуді сұраймыз.