Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабыңды құр
"Бәйтерек" командасы Холдинг үшін стратегиялық маңызды мақсаттарға қол жеткізуге барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп бағытталған өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

21.07.2022

Стратегия және корпоративтік даму департаментінің бас менеджері.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ негізгі қызметкер болмаған кезеңге  «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Стратегия және корпоративтік даму департаментінің бас менеджері бос лауазымына үміткерді іздеуді жариялайды.
Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі: Стратегия және корпоративтік даму департаментінің бас менеджері.
Лауазымдық міндеттері: Холдингтің стратегиясы және Холдингтің және ЕҰ-ның ішкі нормативтік құжаттары шеңберінде ЕҰ-ға жетекшілік ететін Директорлар кеңесінің қызметін қамтамасыз ету, ЕҰ-ға жетекшілік ететін активтерді басқару және Холдингтің активтерін тиімді корпоративтік басқару жөніндегі стратегиялық және операциялық міндеттерге қол жеткізу мақсатында Департамент құзыреті шегінде ЕҰ қызметін үйлестіру.
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан): 
басқару/ менеджмент, экономика, бизнес/іскерлік әкімшілік, қаржы, құқық саласындағы жоғары білім.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.
Экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес (Холдингтің компаниялар тобында және/немесе мемлекеттік басқару органдарында артықшылық беріледі).
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
  • «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» және т. б. қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңдары;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және ағылшын тілі (мүмкіндігінше);
  • Корпоративтік басқару негіздері.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
  • презентациялар мен іскерлік қарым-қатынас дайындау;
  • ақпаратты жедел өңдеу және талдау;
  • қаржылық талдау жүргізу, электрондық кестелермен жұмыс тәжірибесі
  • нақты іс-қимыл жоспарларын болжау және әзірлеу;
  • құжат айналымының электрондық жүйесін қолдану;
  • MS Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларын алдыңғы қатарлы пайдаланушы деңгейінде пайдалану.
Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:
Коммуникация және көшбасшылық
Аналитикалық ойлау және шешім қабылдау
Жұмыс процестеріне әсері
Жұмысты ұйымдастыру
Өзгеру қабілеті
Командалық
Жауапкершілік
Дамыту

Жұмыс шарттары:
Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, 5/2
Жалдау нысаны: еңбек шарты
Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55а, B блогы
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің түйіндемелері 26.07.2022 ж. дейін hrd@baiterek.gov.kz email арқылы қабылданады.
Хат тақырыбында «СКДД бас менеджері» деп көрсетіңіз.

Бос жұмыс орындарының мұрағаты

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар