"Бәйтерек" холдингімен бірге өз мансабынды құр.

"Бәйтерек" командасы  Холдинг үшін стратегиялық маңызды міндеттерге қол жеткізуге бағытталған, барлық ұжым қатысушыларымен бірлесіп, өршіл тұлғалармен ынтымақтасуға дайын

Image
Baiterek Team

Лайықты үміткердің портреті:

Біз қызметкерлерімізді бағалаймыз және ішкі ресурстарды дамытуға барлық талпыныстарды жасаймыз, сондықтан сыртқы үміткерлерді іздестіру туралы хабарландырулар ішкі үміткерлер, оның ішінде Бірыңғай кадрлық резервте болмаған жағдайда, орналастырылады. Сыртқы үміткерлердің арасында біз "Бәйтерек"Холдингінің ұжымдық мәдениетіне өмірлік ұстанымы, көзқарастары мен қағидаттары сәйкес келетіндерді іздейміз. Сәйкестікті алдын ала анықтау үшін Холдингтің Іскерлік этика кодексімен келесі сілтеме бойынша танысуға кеңес береміз: https://www.baiterek.gov.kz/ru/kodeks-delovoi-etiki-holdinga.

Сондай-ақ бізге келесі дамыған жеке-іскерлік құзыреттері бар үміткерлер қажет:

 

  • Коммуникация және көшбасшылық
  • Талдап ойлау және шешім қабылдау
  • Жұмыс процестеріне әсері
  • Жұмысты ұйымдастыра білу
  • Өзгере білу қабілеті
  • Топпен жұмыс істей білу
  • Жауапкершілік
  • Даму

Сондай-ақ келесі нормативтік құжаттармен жұмыс істей білу білімі мен ептілігі:

  • «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы;

Сіз қандай құрылымдық бөлімшеге түйіндеме жіберетініңізге байланысты, Сізді жоғарыда аталғандарға қосымша нормативтік-құқықтық құжаттар мен кейбір теориялық пәндердің негіздерін білуіне тексереді. Мәтіндік бағыттардың матрицасымен толығырақ танысуға болады – Өзіңіздің e-maili еңгізіңіз және файлыңызды жүктеңіз.

Тестілік бағыттар матрицасы

  

Сонымен қатар, Сіз міндетті түрде логикаға тестілеуден өтесіз.

Сілтеме бойынша тест сұрақтарының демо-нұсқасын зерттеуге болады

Холдингтің бос орындары

Егер Холдингте жұмыс істеу үшін лайықты үміткердің портретін зерделеп, Сіз "Бәйтерек" Холдингі командасының бір бөлігі болғыңыз келсе, онда біз сізге Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының бос орындары туралы хабарлама алу үшін @JobsatBaiterek жеделхатқа жазылуды ұсынамыз. Бос орындар туралы хабарландырулар Холдингтің сайтында да жарияланады.

Лайықты бос жұмыс орнына жауап қайтару үшін, Сіз http://digital.baiterek.gov.kz/ порталында тіркелу қажет және "Халықпен жұмыс" бөліміне өту керек.

Бос орынға орналасу үшін дағдылар мен білімді тексеру процесі қалай өтеді?

1) Түйіндемені бағалау

Веб-сайтта бос орын жарияланғаннан кейін 5 күннен соң, Холдинг түйіндемеде көрсетілген деректерге сәйкес үміткерлерге алдын ала бағалауды жүргізеді.

2) Тестілеу арқылы бағалау

Егер сіз түйіндемені бағалау кезеңінен өткен болсаңыз, Сізді кәсіби білімді бағалау (заңнама және салалық пәндердің негіздері), логика және сандық талдау үшін тестілеуге, сондай-ақ HR-командасының өкілдерімен құзыреттілік бойынша сұхбатқа шақырады.

3) Болашақ жетекшімен кездесу

Тестілеу және құзыреттілік бойынша сұхбат қорытындылары бойынша оң нәтиже болған жағдайда, Сізді конкурс өткізілетін құрылымдық бөлімшенің тікелей және/немесе жетекшілік ететін басшыларымен кездесуге шақырады.

Осындай кездесудің қорытындысы бойынша Сіздің өтініміңізге қатысты сізбен ынтымақтастық туралы шешім қабылданады.

 

Қарау мәртебесі келесі платформадағы сіздің өтініміңіздің карточкасында көрсетіледі http://digital.baiterek.gov.kz/.

"Бәйтерек" Холдингісінің кәсіпқойлар командасындағы жұмыс дегеніміз - бұл:

  • Өз саласының өршіл кәсіпқойларының талаптарына жауап беретін құрылымы жағынан күрделі және қызықты міндеттер.
  • Өңірде экономикалық өсу деңгейін арттыруға бағытталған инновациялық жобалар;
  • Өз қызметі кәсіпқойларының жоғары бәсекеге қабілетті ортасы;
  • Сіздің кәсіби және жеке әлеуетіңізді дамыту және тұрақты оқыту;
  • Сіздің кураторларыңыз бен тәлімгерлеріңіз болатын жоғары кәсіби басшы құрамы;
  • Бизнес-таңғы ас, зияткерлік ойындар, дөңгелек үстелдер, құзыреттілік орталықтары және т. б. сияқты форматта әріптестерімен тұрақты кездесулер;
  • Ақырында, әділ және таза еңбек ақы және бонустық құрылым

Көптеген сұрақтардың жауабын біздің @JobsatBaiterek_bot боты арқылы алуға болады. Егер сізде "Бәйтерек" Холдингіне персоналды жалдау және іріктеу үдерісі бойынша әлі де сұрақтарыңыз қалса, -өз хабарламаңызды келесі электрондық мекенжайға жіберіңіз: a-koshkinova@baiterek.gov.kz немесе + 7 (7172) 91-91-96 номеріне хабарласыңыз.

Студенттер мен түлектер

"Бәйтерек" Холдингі қажетті жұмыс тәжірибесін алу және теориялық білімдерін тексеру үшін Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің жетекші университеттерімен жұмыс істейді. Біз студенттерге келесілерді ұсынамыз:

  • Мемлекеттік ауқымдағы ірі, күрделі жобаларға қатысу
  • Кәсіби құнды практикалық дағдылар
  • Жеке қасиеттерін дамыту
  • Жоғары кәсіби командамен ынтымақтастық
  • Стандартты емес міндеттерді шешуге шығармашылық көзқарасты мадақтау

Холдингте тәжірибеден/тағылымдамадан өтуге арналған өтінімді Сіз осында қалдыра аласыз: kense@baiterek.gov.kz

«Бәйтерек» Холдингінің жұмыспен қамтылуы статистикасы

117

Холдингте қызметкер

70

% артық
Қызметкерлердің қатыстырылуының біріктірілген деңгейі
жалпы санының

20

%-нан астамы
"Болашақ" халықаралық бағдарламасының шәкіртақы алушылары

36

жас
Қызметкерлердің орташа жасы