Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына сапары барысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов АҚШ Сауда министрлігінің өкілдерімен, АҚШ-тың халықаралық қаржы ұйымдарының және инвестициялық компанияларының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Халықаралық қаржы корпорациясының басшыларымен, Көпжақты инвестициялық кепілдемелер агенттігі, АҚШ-тың Экспорттық-импорттық банкі, Голдман Сакс Интернэшнл және Сити топ өкілдерімен кездесу барысында Холдинг пен оның еншілес ұйымдары жүзеге асыратын жобаларға қаржыландыруды тарту мәселесі, ынтымақтастықтың перспективалары мен шарттары талқыланды.

АҚШ Сауда министрлігінің өкілдерімен кездесуде шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар мәселелер қаралды. «Бәйтерек» холдингі компаниясының басшысы американдық тарапқа Арнайы американдық іскерлік тағылымдамасын бағдарламасының (SABIT) (Special American Business Internship Training Program) шеңберінде өзара іс-қимылды ұсынды.