Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ұжымына Директорлар кеңесінің шешімімен таңдалған жаңа басқарма төрағасы — Айдар Әріпхановты таныстырды.

Бақытжан Сағынтаев жаңа басшылыққа Холдингтің алдында тұрған бірқатар міндеттерді, оның ішінде Мемлекет басшысының қойған мақсаттарына қол жеткізу, сондай-ақ индустриялық-инновациялық даму, «Нұрлы Жол», «Бизнестің жол картасы» және «Нұрлы жер» мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларының қаржы операторы функциясын тиімді орындау туралы міндеттерін белгіледі. 

Айдар Әріпханов 1974 жылы дүниеге келген. 1995 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2008 жылы – Колумбия университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша   экономист, мемлекеттік басқару магистрі.

Еңбек жолын 1996 жылы ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында бастаған. 2004–2006 жылдары қаржы вице-министрі қызметін атқарған.

2006-2007 жылдары түрлі қызметтер атқарған: Премьер-Министрдің Кеңсесі басшысының орынбасары, еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, Премьер-Министрдің кеңесшісі, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2015-2017 жылдары ұлттық экономика вице-министрі болып жұмыс істеді.

2017 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Соңғы үш ай бойы басқарма төрағасының міндетін атқарды.


https://primeminister.kz