«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлері өңірлік палатасының қолдауымен ОҚО бизнес өкілдерін шақырумен «Холдинг және халықаралық қаржы ұйымдарының бизнесті, даму институттарын қолдау құралдары» атты дөңгелек стол ұйымдастырды. Бұл шара облыстағы бизнес қоғамдастығын «Бәйтерек» холдингі компанияларының топтарын мемлекеттік қолдау, сондай-ақ өңірде жаңа бизнес бастамалар іздестіру шаралары туралы ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылған.

Дөңгелек стол шеңберінде «Бәйтерек» холдингі еншілес ұйымдарының басшылары мен халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері кәсіпкерлерді қолдаудың басты құралдары мен шаралары туралы таныстыру өткізді. ОҚО кәсіпкерлері «Kazakhstan Project Preparation Fund» компаниясының («Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы) инвестициялық жобаларын кешенді қолдау туралы, тікелей инвестициялар қорлары тарапынан іскерлік қаржыландыру мүмкіндіктері, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысын қолдау құралдары туралы, сондай-ақ Қазақстанның даму банкі («Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы) тарапынан ірі бизнесті қаржылық қолдаудың негізгі бағыттары және «Даму» қорының («Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы) шағын және орта бизнесті қолдау құралдары туралы ақпараттандырылды.