«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ шешімімен Ардақ Қасымбек 2018 жылғы 1 маусымнан бастап «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (Холдингтің еншілес ұйымы) Басқарма төрағасы болып тағайындалды. 
Ардақ Қасымбектің жұмыс тәжірибесі – 20 жылдан артық, оның ішінде 14 жылдан астамы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жетекші және басшылық лауазымдарында.  Соңғы лауазымы – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ - Аға вице-президенті - Қаржы директоры. «Тау-Кен Самұрық» ҰТКК» АҚ пен «Қазатомпром» АҚ Директорлары кеңесінің мүшесі. 

Ардақ Қасымбек Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Business School of City University of London (МВА), мәскеудегі Institute of Directors университетін тәмамдаған, экономика ғылымдарының кандидаты.
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ) – ұлттық экономиканың тұрақты дамуына қолдау көрсету үшін 2017 жылы құрылған тікелей инвестиция қорларының қоры (private equity). ҚКМ қоры одан әрі дамыту мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында компания капиталын экономиканың түрлі секторында ұсынады. ҚКМ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді.