2018 жылғы 5 мамырда «Көрме» көрме орталығында шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау және сүйемелдеу мақсатында ұйымдастырылған «Ulttyq ónim - 2018» IV республикалық отандық тауар өндірушілер көрмесі өтті. Жыл сайын бір алаңда мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкерлердің басын қосатын шара осымен төртінші жыл қатарынан «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы Холдингінің қолдауымен «Даму» қорымен өткізілуде.

Көрме қатысушыларының алдында сөз сөйлеген «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғалымжан Бисенғалиұлы Таджияқов бүгінде Қазақстанда отандық кәсіпкерлікті кешенді қолдауға бағытталған көптеген мемлекеттік баңдарламалар жүзеге асырылып жатқанын және мұндай шаралар өткізу отандық тауарлар мен қызметтерді шығаруды ұлғайтуға, жергілікті үлес көлемінің артуына және қазақстандықтар үшін сапалы және қолжетімді тауарлармен қамтамасыз етуге ықпал ететінін атап өтті.

«Ulttyq ónim - 2018» төртінші республикалық отандық тауар өндірушілер көрмесі республиканың түрлі аймақтарынан көрмеге алып келіп, елорда тұрғындары мен қонақтарына өз өнімдерін таныстырған тағам, құрылыс, жиһаз және тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, арнайы техника және жабдық дайындаушылар, сәнгерлік және полиграфия өнімдері саласындағы 350-ден астам кәсіпорын қатысты. Дәстүрлі түрде жыл сайынғы Халық Таңдауы» тәуелсіз дегустация байқауы және осы жылы алғаш рет шара бағдарламасына енгізілген әйел және ер адамдар киімдерінің сән көрсетілімі өтті.

Көрме қатысушылары құрылыс материалдарының өндірісі, ағаш және мателл өңдеу, тағам өнімдері, фармацевтикалық өнімдер, медициналық және сапорт-сауықтыру қызметтері, полиграфия және жарнама, қоғамдық тамақтану салалары таныстырды.

Көрме 3 күнге созылып, 2018 жылғы 5 және 7 мамыр аралығында өтеді, онда қонақтарды отандық тауар өндірушілердің тауар және қызмет түрлері таңдауы, қызықты шеберлік кластары мен құнды сыйлық ұтыстары күтеді. Дәл осы күндері «KazFranch 2018» франчайзингі бойынша ұлттық форум-көрмесі өтуде, оның аясында халықаралық және қазақстандық компаниялар өздерінің франчайзингтік жобасын дамыту және франшизаны сүйемелдеу тәжірибелерімен бөліседі.

«Даму» қорының басқарма төрағасы Абай Сарқұловтың айтуынша, іс-шара кәсіпкерлерге франчайзинг бойынша дербес кеңестер алуға мүмкіндік береді және бұл франчайзингтік қатынастар өсімін ынталандыру арқылы Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті сапалы дамытуға ықпал етеді және франчайзинг саласы қатысушыларының тәжірибе алмасуы үшін жағдайлар жасауға ықпал етеді.

«Ulttyq ónim - 2018» көрмесінің жұмыс күндері кәсіпкерлер үшін де, біздің әріптестеріміз үшін де пайдалы болады және маңызды шаралармен – келіссөздер, өзара тиімді келісімдермен толықтырылады. Ал бұл Қазақстанда жаңа жобалар мен бірлескен кәсіпорындар құру және жүзеге асыруға серпін береді», - деді көрме қатысушылары алдында сөз сөйлеген Абай Сарқұлов.