Fitch Ratings рейтингілік агенттігі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ рейтингілерін «ВВВ» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты».

Агенттіктің хабарламасына сәйкес эмитет дефольтінің ұзақ мерзімді рейтингі (ЭДР) «ВВВ» деңгейінде шетелдік және ұлттық валютада, ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг «AAA(kaz)» және қысқа мерзімді РДЭ «F2» шетелдік валютасында. Cондай-ақ, Fitch “Бәйтерек” холдингінің басымды қамтамасыз етілмеген ішкі облигациялар шығарылымдарының рейтингтерін “ВВВ”/ “AAA(kaz)” деңгейінде растады.

“Бәйтерек”холдингі рейтингтері Қазақстанның егемен рейтингтерімен бір деңгейде тұр. Fitch пікірінше, “Бәйтерек” холдингі Қазақстанның экономикалық даму бойынша саясатын экономиканың шикізаттық емес секторларын, әртараптандыру және қолдау, инновациялық даму мен экспортқа бағытталған өңдеу салаларын қолдау арқылы жүзеге асыруда маңызды орын алады.

Анықтама үшін: Холдинг сонымен бірге Moody’s Investors Service агенттігінің “Ваа3” деңгейіндегі рейтингін иеленді, болжам “Тұрақты”. (Қазақстанның егемен рейтингтеріне сәйкес келеді).