«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтіп, оның барысында жасалуында мүдделілік бар «Қазақстанның даму банкі» АҚ-мен мәмілеге отыру мақұлданды. Мәмілеге сәйкес «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамына («Қазақстанның даму банкі» АҚ еншілес ұйымы) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру үшін кредит беріледі.

Отырыс барысында Директорлар кеңесі 2018 жылға арналған Холдингтің бизнес-үдерістер, тәуекелдер және бақылаулар матрицасын, 2017 жылғы 4 тоқсанның ішкі аудит есебін бекітті. Сонымен қатар «Бәйтерек» Холдингі компаниялар тобының ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігі мен сапасын тәуелсіз бағалау нәтижелерін қарастырды.