«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының шешімімен Нұржан Нұрланов «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры болып тағайындалды.

Нұржан Нұрланов American InterContinental University (Ұлыбритания, бизнес-әкімшілендіру бакалавры), University of Wales (Ұлыбритания, маркетинг магистрі), Қ.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін (Қазақстан, мұнай-газ ісінің техникасы мен технологиясының бакалавры) тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

2011 жылдан бастап «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-да менеджер, Инвестициялық ынтымақтастық департаментінің директоры, Өңірлік ынтымақтастық қызметінің басқарушы директоры лауазымдарында болды.

Қазақстан Республикасы Премьер Министрі Кеңсесі өңірлік даму бөлімінің сарапшысы (2012-2013), «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қаржы жөніндегі басқарушы директоры (2013-2014), «ҚазТрансГаз» АҚ газ маркетингі жөніндегі басқарушы директоры (2014-2016), «ҚазТрансГаз» АҚ Техникалық саясат жөніндегі бас директордың орынбасары, Басқарма мүшесі (2014-2016) қызметтерін атқарды.