Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ

Миссиясы

Елдегі инновациялық қызметке тиімді қолдау көрсету «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның міндеті болып табылады.

Негізгі қызмет түрлері
  • Технологиялық болжау процесіне қатысу;

  • Инновацияны дамыту саласында ақпараттық талдау және консультациялық қызмет көрсету;

  • Индустриалдық-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына қатысу, шетелдік қатысумен заңды тұлғалар құру, инвестициялық қорлар құру немесе оларға қатысу жолдарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа да әдістермен индустриалдық-инновациялық жобаларға инвестицияларды жүзеге асыру;

  • Технопарктерді, технологияларды коммерцияландыру орталықтарын, салалық конструкторлыұ бюроларды, технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын құру, басқару дәне үйлестіруге қатысу;

  • Экономиканың әлеуетті секторларын технологиялық дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен серіктестік;

  • Жүзеге асырылып жатқан индустриалды-инновациялық жобалар, енгізілген технологиялар, технолгиялық болжау бойынша жүргізілген талдаулық зерттеулердің нәтижелері туралы ақпараттарға қолжетімділікті қамтамасыз ету;

  • Технолгиялық бизнес-инкубациялау, технологияларды коммерцияландыру және технологиялар трансферті, индустриалдық-инновациялық қызмет субъектілерінің кадрлық, басқару және өндірістік әлеуетін күшейту бойынша мемлекеттік қолдау механизмдерін жүзеге асыруға қатысу;

  • Индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы органға сараптамалық қорытындылар және (немесе) ұсыныстар беру;

  • Инновациялық гранттар ұсыну бойынша индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы құзырлы органға қызмет көрсету;

  • Технологиялық даму саласындағы индустриалдық-инновациялық жүйенің тиімділігін талдау және ақпарат жинауды жүзеге асыру;

  • Тәуекелді инвестициялаудың инвестициялық қорларының дамуына қолдау көрсету.

2023 жылға дейінгі стратегиялық мақсаттары

Елдегі инновацияны енгізу және сүйемелдеу бойынша басты ұйымдастырулар

Ағымдағы жобалары

Жобалар

Орналасқан орны

1

068 «Инновациялық гранттар ұсыну» бюджеттік бағдарламасы аясында 2011 жылдан 2016 жыл аралығында жалпы сомасы 12195 миллионнан астам теңгеге 328 келісімшарт жасалды. 328 жобаның 95-і іске асырылды, 204 жұмыс күнтізбелік жоспар аясында орындалды және 29 келісімшарт бұзылды.

Қазақстан Республикасының 13 өңірінде және Астана мен Алматы қалаларында


Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу

Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Басшылық құрылымы

ТАӘ

Лауазымы

Байланыстар

1

Омаров Марат Талғатұлы

Басқарма төрағасы

8 (7172) 57-10-12

2

Байнақов Рахмет Ғазизұлы

Басқарма төрағасының орынбасары

3

Сәбденов Дәурен Асқарұлы

Басқарма төрағасының орынбасары

8 (7172) 57-10-12

4

Тәшімов Өміржан Рахатұлы

Басқарма төрағасының орынбасары

8 (7172) 57-10-12

5

Чокин Таир Қанатұлы

Басқарма төрағасының орынбасары


Байланыс құралдары:

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Z05T2H3, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55А үй

E-mail: info@natd.gov.kz

Жұмыс уақыты: 9:00-ден 19:00-ге дейін

Сайтқа сілтеме: www.natd.gov.kz