Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

Бизнестің жол картасы 2020

Өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнесті қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасы


Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасын "Бәйтерек" Холдингі және еншілес құралымдар 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" Инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау аясында іске асырады. Бұл бағыттың негізгі міндеттерінің ішінде: шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін (бұдан әрі - ШОК) кредиттік ресурстар құнын төмендету, жеке қаржылық институттар қаражатын тарту есебінен ШОК субъектілерінің көбірек санын қамту, қазіргі қарыздарын қайта қаржыландыру арқылы ШОК қарыз жүктемесін төмендету, сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктердің ұйымдастырушылық-техникалық мүмкіндіктерін кірістіру арқылы ШОК субъектілері үшін кредиттік ресурстарды ұсынудың қолжетімділігі мен жеделдігін арттыру.

Бағдарлама төлқұжаты

2014 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Ұлттық Банкпен бірлесіп шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бойынша бірлескен әрекеттер жоспары қабылданды. Осы жоспар аясында Қазақстанның Ұлттық Қорынан өңдеу өнеркәсібінде жобаларды іске асыратын шағын және орта бизнесті қаржыландыруға 100 млрд. теңге бөлінуде.

2014 ж. 17 сәуірінде "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ және оның ешлілес құрылымы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ 13 екінші деңгейдегі банкпен өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру үшін 100 млрд. теңгені орналастыру туралы кредиттік келісімдерге қол қойды. Алты ай ішінде екінші деңгейдегі банктер бұл қаражатты мақсатты топ үшін, яғни, өңдеу өнеркәсібінде жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер үшін игеруге тиіс. Бұл жоспардың осы қаражатты игеру бойынша негізгі бағыты келесідей:
    •    50 млрд. теңге шағын және орта бизнестің жаңа жобаларын қаржыландыруға бөлінеді.
    •    50 млрд. теңге қарыз алушыларды қайта қаржыландыру үшін пайдалануға рұқсат етіледі.

Солайша, жоспар бір уақытта бірнеше міндетті шешуге мүмкіндік береді:
Біріншіден, шағын және орта бизнестің жаңа жобалары бойынша инвестициялық қызметті ынталандыру.
Екіншіден, кәсіпкерлер өндірістік қызметін табысты іске асыра алуы үшін, олардың жобаларын тиімдірек шарттармен қайта қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Жаңа жобалар аясында артықшылық тағам өнеркәсібіне, яғни, тағам өнеркәсібіндегі жобаларға беріледі.

Өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер үшін кредиттеу шарттары:

Қатысушылар –  өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын ШОБ субъектілері

Қаржыландыру лимиті –1 850 млн.теңгеге дейін 
Қаржыландыру  валютасы – теңге 
Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6% 
Орналастыру мерзімі –120 айға дейін
Мақсатты тағайындалуы –өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар


"Даму" КДҚ" АҚ арқылы екінші деңгейдегі банктер үшін кредиттеу шарттары:

Қаржыландыру валютасы – теңге
Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2%
Орналастыру мөлшерлемесі – 240 ай
Мақсатты тағайындалуы –өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын ШОБ субъектілерін кредиттеу
Игеру мерзімі – лимиттің ашылуынан кейін 6 ай
ЕДБ маржасы – жылдық 4% артық емес
Комиссиялар – комиссиясыз, алайда ШОБ бастамасы бойынша кредит шарттарының өзгеруі жағдайында, комиссия "Даму" КДҚ келісіледі

Ұлттық Қордан бөлінген қаражатты бақылауды біздің "Бәйтерек" Холдингіміз және "Даму" Қоры іске асыратынын атап кеткен жөн. ҚР жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия екінші деңгейдегі банктерді таңдады, сонымен қатар, олар арасындағы қаражатты бөлуді және қайта бөлуді іске асырды. Қаражатты жұмсауға бақылау жүргізу комиссиясы бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды, сонымен қатар, Елбасына оның тапсырмасын орындау туралы тоқсандық есеп тапсыруды жүзеге асырады.

Бағдарламаны жүктеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 124 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 1276 қаулысы