Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

Холдинг басқармасы

  Басқарма Холдингтің ағымдағы қызметін басқаруды жүзеге асырады. Оның құрамына қазіргі уақытта 7 адам кіреді. Оның мүшелерінің құзірет мерзімі – 3 жыл.

Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы

Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы


Басқарма Төрағасы

1974 жылғы 28 қарашада туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған, ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын үздік тәмамдаған, сондай-ақ «Болашақ» президенттік бағдарламасы шеңберінде Колумбия университетін аяқтап, 2008 жылы экономикалық саясатты басқару бағдарламасы бойынша мемлекеттік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алған.

Омарқожаев Әнуар Сағынәлиұлы

Омарқожаев Әнуар Сағынәлиұлы


Басқарма Төрағасының орынбасары

1973 жылғы 31 қазанда Жамбыл облысында туған. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 1999 жылы Германиядағы Бремен институтын аяқтаған.

Тәжияқов Ғалымжан Бисенғалиұлы

Тәжияқов Ғалымжан Бисенғалиұлы


Басқарма Төрағасының орынбасары

2003 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын халықаралық экономист біліктілігі бойынша үздік тәмамдады. 2008 жылы іскерлік әкімшіліктендіру шебері дәрежесін меншіктеумен, Дарем университетінің Бизнес-мектебін аяқтады.

Қуатова Айнұр Саинқызы

Қуатова Айнұр Саинқызы


Басқарма мүшесі, Басқарушы директор

1973 жылғы 13 қазанда туған. Middlesex University пен Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Хамитов Ерсайын Ерболатұлы

Хамитов Ерсайын Ерболатұлы


Басқарма мүшесі, Басқарушы директор

1983 жылғы 5 қыркүйекте дүниеге келді. 2004 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін тәмамдады.

Нұрланов Нұржан Нұрланұлы

Нұрланов Нұржан Нұрланұлы


Басқарма мүшесі, Басқарушы директор

1988 жылғы 10 мамырда туған. Аяқтаған оқу орындары: American InterContinental University (Ұлыбритания) –бизнес-әкімшіліктендіру бакалавры, University of Wales (Ұлыбритания) –маркетинг магистрі, Қ.Сәтбаев ат. Қазақ ұлттық техникалық университеті (Қазақстан) – мұнай-газ ісінің техникасы мен технологиясының бакалавры. Экономикалық ғылымдар кандидаты.

Біртанов Есжан Амантайұлы

Біртанов Есжан Амантайұлы


Басқарма мүшесі, Басқарушы директор

1975 жылғы 1 шілдеде дүниеге келді. М.В. Ломоносов (ExecutiveManagement) атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Әль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық  университетін (экономика), «Туран» Университетін (құқықтану) бітірді.