Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

Міндеттері, Миссия, Көрініс

Міндеттері

Холдингтің негізгі міндеті -өзіне меншік құқығымен тиесілі болып келетін және сенімгерлік басқаруға берілген ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және өзге заңды тұлғалардың акциялар жиынтығын (қатысу үлестерін) басқару. Холдинг даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару және ұлттық экономиканы дамыту жүйесін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығымен құрылды.

«Бәйтерек» холдингінің басты міндеттерінің бірі - оның құрамына енген компаниялар тобының тиімді және өзара толықтырушы функция атқаруын қамтамасыз ету.

Миссия

Мемлекеттік саясатты іске асыру, әлеуметтік бағытталған міндеттерді шешу және "Стратегия 2050" қойылған мақсаттарға жету үшін, экономиканың басым секторларын қаржыландыру және қолдау көрсету арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына көмектесу.

Көрініс

2023 жылға қарай – ел экономикасын әртараптандыру, жаңғырту мен тұрақты дамытуды және мемлекеттің әлеуметтік бағытталған міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі қаржы агенті болып табылатын Холдинг.