Добро пожаловать, рады видеть вас снова!

 Kz   Ru   En 
"Бәйтерек" ұлттық
басқарушы холдингі

"Байтерек" сөзінің этимологиясы

Бәйтерек – әлемдік ағаш. Әлемдік нұсқалардың бірі, әлем үлгісі. Барлық аңыздық дәстүрлерде, соның ішінде қазақы мифологияда кездеседі. Бәйтерек (нақты түпкі терек, Ана-терек) әлемдік ағаш ретінде барлық үш деңгейін – аспанның тоғыз немесе жеті қабаты болып есептелетін жоғарғыны, ортаны, әлемнің тоғыз немесе жеті қабаты болып есептелетін төменді байланыстырады. Оның жекелеген бөліктері өзімен дербес әлемдердің бөліктерін танытады: тамыры – жерасты әлемі, ұшар басы – орталық әлем, бұтақтары мен жапырақтары – жоғарғы әлем. Ал терек сөзінің этимологиясы (нұсқалары: дарақ, дарау, дара, тарақ), шамасы, *Tir түбірінен – өмір дегенді білдірсе керек.

Бәйтерек – әдепкі өмір. Анағұрлым жиі кездесетін, көпшілік ертегілерде нақтылы жеке кездесетін сюжет мынадай: Кейіпкер жерасты әлеміне тап болады және ұзақ сапар шеккеннен кейін жыланды немесе үшбасты айдаһарды өлтіріп, Алып Қарақұс (Самұрық) деп аталатын алып құстың балапандарына көмектесетін жерде үлкен ағашқа кездеседі. Осы құс ризашылығы ретінде кейіпкерді жер бетіне шығарады. Ағаш – әлемдік ағаш, ал құс пен жылан – қарсы беттегі – жоғарғы немесе төменгі әлемдердің өкілдері. Олардағы мәңгілік қарама-қарсылыққа орталық әлемнің өкілін – адамды, ертегі кейіпкерін қосады.

Бәйтерек – әлемдік ағаш – өзімен әлем орталығын танытады. Ол – есік, әлемдер арасындағы қақпа, және әдетте мұндай ағаштардың әсерінен рәсімдік әрекеттер болып жатады. Бәйтерек тағы да әлемнің жазықтық үлгісі орталығында орналасады. Әлемнің жазықтық құрылымы: ағаштың оң жағында – ай, сол жағында – күн мен жұлдыз (айың тусын оңыңнан, жұлдызың тусын соңыңнан).    

Қазақтың «Қобыланды» эпосы мен Қашағанның «Адай тегі» дастанында әлемдік ағаш алтын жапырақты ағаш ретінде (алтай эпосында – алтын және күміс жапырақты), Қашаған дастанында тағы түрлі жемісті ағаш ретінде танылады.

Жарыспалы тұрған екі ағаштың немесе діңгектердің дәлелдері де сақталған. Әлемдік ағаш бейнесі некелік қарым-қатынастарды, ұрпақтардың сабақтастық байланысын, генеалогиялық ағашты символдап көрсетеді. Түркі халықтарында адамдар нәрестені ағаш түбінен алады (Адай туралы генеалогиялық аңыздың нұсқасын салыстырыңыз), немесе ата-бабалардың рухтары ағашта, бұтақтарда, жапырақтарда өмір сүреді деген сенімдер кеңінен тараған. Түркі-моңғол халықтарының сенімдеріне сай, бақсылық ағашының бұтақтарында төмен түскенде әйел құрсағына енетін балапан-рухтар өмір сүреді-міс.

Қазақ бақсыларында әлемдік ағаш киелі әулиелердің көрлері басында жерге қадалған аса таяқ, сонымен қатар діңгек ретінде танылады. Бұл жердегі символика анық: қада – баған өлген адамның рухы аспанға көтерілуі керек болатын және оның төменге түсуі мүмкін болатын әлемдік ағашты бейнелейді. Осы себептен қазақтар адам өлгеннен кейін найзаны түндік арқылы шығарған.

Бәйтерек сөзі қазақтардың ру-тайпалық таңбалық жүйесінде қолданылады. Мәселен, рулық ұран мен қаңлы тайпасының мифтік ата-бабаларының бірі – Бәйтерек. Түркілік мифтік-дәстүрлердің әлемдік ағашы сақ-якуттарда анағұрлым жақсы сақталған. Ол ал-лук-мас немесе пай-кайын (Қайың - қатын) деп аталады.

Дерекнама: Серікбол Қондыбай кітабы. Қазақ мифологиясы 5

Суретсипат: Люйко В.