- Холдинг туралы
2022 жылғы көрсеткіштер Мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалар шеңберінде ұсынылды
Ауылшаруашылық техникасын лизингке алу жүйесі жеңілдеді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ жаңа мобильдік қосымшаны іске қосты. Енді фермерлер өтінімдерді Қоғам филиалдарына бармай, үйде отырып, телефон арқылы беру мүмкіндігіне ие болды. Бұл бастаманы жүзеге асыру үшін мамандар 4 ай еңбек етті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Баршаңызды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Тіршілікті түлетіп, табиғатқа жан бітіретін Наурыз – біздің төл жаңа жылымыздың бастауы, жаңғыру мен жаңа өмірге ұмтылудың нышаны. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен оның еншілес ұйымдары Наурыз мейрамын салтанатты түрде атап өтті.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның миссиясы
Қоғам алдындағы жауапкершілік қағидаттарында бәсекеге қабілетті бизнесті дамыту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту болып табылады.
Холдинг құрамында келесі еншілес ұйымдар жұмыс істейді:
Ірі кәсіпорындарды қолдай отырып, «Қазақстан Даму Банкі АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Qazaqstan Investment Corporation»АҚ борыштық және үлестік қаржыландыру, экспорттық операцияларды сақтандыру, лизингтік қаржыландыру сияқты қолдау құралдарын ұсынады және тұтастай алғанда шикізаттық емес экспорттаушыларға қолдау көрсетеді.
Микро, шағын және орта бизнес үшін – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпорындарға қолдаудың үш құралын ұсынады – сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттерге кепілдік беру және қаражатты екінші деңгейдегі банктерде шартты түрде орналастыру.
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Отбасы банк» АҚ) және «Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ тұрғын үйді жалға беру, ипотекалық несиелеу және банктер арқылы жеңілдетілген қаржыландыру.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауылдағы ірі, орта және шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау арқылы елдің агроөнеркәсіптік кешенінің (АӨК) тұрақты дамуына және техникалық жарақтандырылуына жәрдемдеседі.
«Bereke Bank» АҚ – бөлшек клиенттердің және нарықтағы шағын, орта ойыншылардан бастап ірі ойыншыларға дейінгі корпоративтік бизнес сегменттерінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын бірегей қаржы институты.