«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ немен айналысады?

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ – корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі институты.

Негізгі міндеттері:

  • Экономиканың шикізаттық емес секторларын дамыту;
  • Кәсіпкерлікті дамыту (экономиканың жеке секторы);
  • Экономикадағы урбанизацияны қолдау;
  • Шикізаттық емес өнімнің экспортын қолдау;
  • Инновацияларды дамыту.

Қызметтің стратегиялық бағыттары:

  • Ірі бизнес сегментінде кәсіпкерлікті қолдау;
  • ШОБ сегментінде кәсіпкерлікті қолдау;
  • Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру;
  • Экспорттық әлеуетті арттыру;
  • Инновациялар трансферті және енгізу.

2021 жылдың маусым айынан бастап Холдинг құрамында келесі еншілес ұйымдар жұмыс істейді:

Ірі кәсіпорындарды қолдай отырып, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «KazakhExport «Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ және «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ борыштық және үлестік қаржыландыру, экспорттық операцияларды сақтандыру, лизингтік қаржыландыру сияқты қолдау құралдарын ұсынады және тұтастай алғанда шикізаттық емес экспорттаушыларға қолдау көрсетеді.

Шағын және орта бизнес үшін - «Даму «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпорындарға қолдаудың үш құралын ұсынады – сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттерге кепілдік беру және қаражатты Екінші деңгейдегі банктерде шартты орналастыру.

«Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Отбасы банк «АҚ) және«Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ қаржыландыруды, ипотекалық кредиттеуді, субсидияларды және тұрғын үйді жалдауды дамыту арқылы тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігін арттыруға шоғырланған.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ елдің агроөнеркәсіптік кешенінің (АӨК) тұрақты дамуына жәрдемдеседі. Елдің АӨК-ін техникалық жарақтандыруға сапалы және бәсекелі лизингтік қызметтер көрсететін «ҚазАгроҚаржы» АҚ жәрдемдеседі. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ АӨК-нің басым бағыттарын дамыту және халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру мақсатында Шағын кәсіпкерлікті қаржыландырады.

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС (МЖӘ тетігі бойынша іске асырылатын жобаларды құрылымдау және сүйемелдеу бойынша консультациялық қолдау көрсетеді) және «QazTech Ventures» АҚ (венчурлік қаржыландыру, бизнес-инкубациялау және технологиялық консалтинг құралдары арқылы технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдеседі) жеке қорлар ретінде «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ басқаруына берілді.

Портфельдік компанияларды кейіннен штат санын түзете отырып, 7-ге дейін одан әрі қысқарту жоспарланғанын атап өтеміз.



Холдинг қандай мемлекеттік бағдарламалардың операторы болып табылады?

Холдингте ірі бизнесті қолдаудың қандай құралдары бар?

Холдингтің еншілес компаниялары «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «KazakhExport «экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ және «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ ірі кәсіпорындарды қолдай отырып, борыштық және үлестік қаржыландыру, экспорттық операцияларды сақтандыру, лизингтік қаржыландыру сияқты қолдау құралдарын ұсынады және тұтастай алғанда шикізаттық емес экспорттаушыларға қолдау көрсетеді.


Холдингте ШОБ қолдаудың қандай құралдары бар?

Шағын және орта бизнес үшін - «Даму «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпорындарға қолдаудың үш құралын ұсынады – сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттерге кепілдік беру және қаражатты Екінші деңгейдегі банктерде шартты орналастыру.


Экспортер Холдингтен қандай көмек ала алады?

Экспорттық қызметті қолдаумен Холдингтің үш еншілес ұйымы - «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры « АҚ айналысады.

Толығырақ «экспорттаушыларды қолдау»бөлімінде.


Digital Baiterek дегеніміз не және оны қалай пайдалануға болады?

«Digital Baiterek» кәсіпкерлікті қолдаудың Бірыңғай порталы ақпараттық жүйесін құрудың мақсаты «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, оның еншілес ұйымдары, қазақстандық және шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін бірыңғай ақпараттық алаң ұсыну болып табылады. Қазіргі уақытта 42 автоматтандырылған және ақпараттық қызмет орналасқан.

«Digital Baiterek» кәсіпкерлікті қолдаудың Бірыңғай порталы Холдингке жүгінген адамдарға мынадай мүмкіндіктерді ұсынады:

  • Барлық мүмкін болатын клиенттерге қолдау көрсету құралдары бойынша жан-жақты ақпарат алу және кеңес беру;
  • Қағаз тасығыштардан бас тарту және коммуникацияларды цифрлық түрге көшіру есебінен өтініштердің мәртебесін қадағалау мүмкіндігімен өтініштерді жедел өңдеу;
  • Ақпараттық сүйемелдеу және клиенттің анықталған талаптарына сәйкес пакеттік қызметтерді таңдау мүмкіндігі;
  • Клиенттің өтініш берген орнына қарамастан қызметтердің толық қолжетімділігі;
  • Қажет болған жағдайда «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның барлық құрылымдары мен еншілес ұйымдарының клиенттің өтініштерін бірыңғай және бір мезгілде кешенді қарау мүмкіндігі.

Бұдан басқа, Digital Baiterek арқылы Холдингте жұмысқа орналасу үшін түйіндеме беруге, сондай-ақ демеушілік немесе қайырымдылық көмек алуға өтінім беруге болады.

Digital Baiterek жүйесін пайдалану үшін ең аз деректер жинағын пайдалана отырып, тіркелу және жеке кабинет құру жеткілікті.

Порталға сілтеме: https://digital.baiterek.gov.kz/.

«Бәйтерек» Холдингі арқылы тұрғын үйді қалай сатып алуға болады?

«Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниялары – «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Отбасы банк» АҚ), «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (2021 жылғы қаңтарға дейін «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ), қаржыландыруды, ипотекалық несие беруді, субсидияларды және сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалға беруді дамыту арқылы тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігін арттыруға шоғырланған. Холдингтің жоғарыда аталған еншілес компаниялары арқылы тұрғын үй сатып алу шарттары туралы толығырақ келесі сұрақтарда айтылған.

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы тұрғын үй алу шарттары қандай?

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ – дағы ипотекалық кредиттердің түрлерімен Қолжетімді баспана - Ипотекалық кредиттер және тұрғын үй қарыздары бөлімінде танысуға болады.

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ арқылы тұрғын үй сатып алу шарттары қандай?

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ – дағы ипотекалық кредиттердің түрлерімен Қолжетімді баспана - Ипотекалық кредиттер және тұрғын үй қарыздары бөлімінде танысуға болады.

Холдингте стартап-жобаларды қаржыландыру бойынша бағдарламалар бар ма?

2019 жылдың желтоқсан айынан бастап «QazTech Ventures» АҚ («Қазына Капитал Менеджмент» АҚ еншілес компаниясы) 2 шетелдік венчурлік қорға-»Quest Ventures Asia Fund II» (Сингапур) және «V Global Fund 500 Startups» (АҚШ) қатысу туралы келісімге қол қойды. Осы келісімдер шеңберінде қорлар қазақстандық стартап-жобаларға инвестиция салады. Осы екі қор да инвестициялау кезеңіне өтті және қазіргі уақытта қазақстандық жобаларды қарастыруда. Қоғам тұрақты негізде қорларға қазақстандық стартап-жобалардың тізімі мен тұсаукесерлерін жібереді. 2020 жылдың басынан бастап Қоғам екі қордың инвестициялық комиссияларының қарауына 84 қазақстандық стартап-жобаны қалыптастырды және жіберді.


Венчурлық қорларда қандай стартап жобаларға басымдық беріледі?

IT - жобалары ең перспективалы болып табылады. COVID-19 бойынша қазіргі жағдайға байланысты экономика нарығы трансформациялануда және біз көріп отырғанымыздай, перспективалар тек IT саласында және онымен байланысты онлайн-білім беру, медицина, ойындар, онлайн-коммерция және т.б. салаларда ғана қалады. Сондай-ақ, қазақстандық стартаперлардың ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды еңгізуге назар аударғандары жөн.

Стартап-жобаларды дамыту үшін қандай бағдарламалар бар?

"Qaztech Ventures" АҚ «Quest Ventures»-пен жасалған келісімдер аясында Нұр-сұлтан қаласында өкілдігі бар өңірдегі алғашқы әлемдік деңгейдегі стартаптардың акселераторы Kazakhstan Digital Accelerator (KDA) акселерациялық бағдарламасын іске қосады. Бұл бағдарламаның мақсаты - болашақта Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына шыға алатын технологиялық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және капиталдандыру. Бағдарлама үш жылға есептелген және 2020 жылдан 2022 жылға дейін жұмыс істейтін болады.

Бұл бағдарлама Қазақстанда стартап-жобалар мен цифрлық экожүйені дамытуға және ілгерілетуге ықпал ететін болады. Акселерациялық бағдарламаның арқасында стартап-жобалар жетекші халықаралық сарапшылардан білім алып, өнімді нақты жағдайда сынай алады. Сингапурлық "Quest Ventures" қорының командасы "QazTech Ventures" АҚ-мен бірлесіп стартап-жобаларды іріктеуге, оларды нарыққа шығаруға дайындауға, көп жылдық тәжірибесі бар үздік менторлар мен кәсіпқойларды ұсынуға, воркшоптар, консультациялар, жеке кездесулер өткізуге және жалпы нетворкингті жолға қоюға көмектесетін болады.

"Kazakhstan Digital Accelerator" бағдарламасы 2020 жылдың тамыз айында іске қосылады. Оның аясында 5 ағын іске қосылады. Әр лек алты айға дейінгі бағдарламада оқытылады. Жобаларды іріктеумен "Qaztech Ventures" АҚ-мен бірлесіп "Quest Ventures"тобы тікелей айналысатын болады. Сондай-ақ, аталған бағдарлама аясында стартап-жобалар өз жобаларын Оңтүстік-Шығыс Азия инвесторларына таныстыруға мүмкіндік алатынын атап өткім келеді. Егер жоба перспективалы болған жағдайда, ол "Quest Ventures Asia Fund II"қызметінің шеңберінде қаржыландырылуы мүмкін.

Кәсіпорындарды технологиялық дамыту бөлігінде қандай көмек көрсетіледі?

Кәсіпорындардың технологиялық дамуына ықпал ету үшін "QazTech Ventures" АҚ Технологиялық даму саласындағы ұлттық институт бола отырып, сервистік-технологиялық консалтинг бойынша қызмет көрсету жолымен инновацияларды іздеу, іріктеу және енгізу, кәсіпорындарды технологиялық дамыту және цифрлық трансформациялау шеңберінде сараптамалық-технологиялық сүйемелдеу бойынша стратегиялық бағытты іске асырады.

Сервистік-технологиялық консалтинг шеңберіндегі қызметтер құрамына келесілер кіреді:

  • Жобаның технологиялық және техникалық іске асырылуы тұрғысынан технологиялық сараптама жүргізу;
  • Инвестициялық жобалардың техникалық пысықталуы мен сатып алуды тәуелсіз бағалау;
  • Инвестициялық жобаларды қаржылық-техникалық бақылау;
  • Технологиялық турлар;
  • Технологиялық аудит.

Сервистік және технологиялық консалтинг қызметтері қандай міндеттерді шешеді?

Сервистік-технологиялық консалтинг қызметтері Сіздің келесі міндеттеріңізді шешуге көмектеседі:

  • Сіздің жобаңыз отандық / халықаралық қаржы институтында қаржыландыруға үміткер және сіздің жобаңызды тәуелсіз бағалау/сараптау қажет;
  • Сіздің кәсіпорныңыздың қызметін оңтайландыру және/немесе сандық түрлендіру қажеттілігі бар;
  • Сіз өзіңіздің негізгі қызметіңізді және/немесе өндірістік қуаттарыңызды және басқаларын растауыңыз керек.
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта