л1

Жекешелендіру

1. ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ 2016 – 2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ БОЙЫНША ЖАЛПЫ АҚПАРАТ;

 

«Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – кешенді жоспар) Қазақстанның экономикалық стратегиясын трансформациялаудағы негізгі элемент болып табылады.

Кешенді жоспар алдағы жылдары Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру және дамыған 30 елдің Топ-30-ға және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) қосылу жоспары шеңберінде шикізат тауарларына төмен баға жағдайында Қазақстанның экономикалық өсуін қолдауға бағытталған.

Жекешелендіру бағдарламасының негізгі мақсаты мемлекеттің экономикадағы үлесін орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада ЖІӨ-дегі 15%-ға дейін төмендету есебінен активтерді басқарудың тиімділігін арттыру болып табылады.

Жаңа жоспар елдің Топ-65 Мемлекеттік ұйымдарын, компаниялары мен даму институттарын, сондай-ақ 700-ге жуық еншілес, тәуелді қоғамдарды, сонымен қатар республикалық және қоғамдық активтерді жекешелендіруді қамтиды.

Жекешелендіру бағдарламасы Электрондық аукциондардан тікелей атаулы сатуларға дейінгі сатудың түрлі нысандарын көздейді. Жекешелендіру кестесі басым нарықтық конъюнктураға және мемлекеттік және жеке инвесторлардың активтердегі қызығушылығына байланысты болады. Компанияларды сатып алғаннан кейін әлеуетті инвесторлар ел экономикасына белсенді түрде инвестиция салуды жалғастыру күтілуде.

 

2.  «БӘЙТЕРЕК» ҰБХ» АҚ АКТИВТЕРІН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ АҒЫМДАҒЫ МӘРТЕБЕСІ;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарына (бұдан әрі – жекешелендірудің Кешенді жоспары) сәйкес бәсекелестік ортаға беруге жататын «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) компанияларының тізіміне кіргендер:

Компания

Ахуал

  • «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

процессте

  • «QazTech Ventures» АҚ 8 еншілес кәсіпорындары:

 

    • «Алгоритм» Технопаркі» ЖШС Орал қ.;

жүзеге асырылды

    • «Сары-Арқа» Технопаркі» ЖШС Қарағанды қ.;

жүзеге асырылды

    • «Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ Технопаркі» ЖШС Алматы қ.;

жүзеге асырылды

    • «Алтай» Шығыс-Қазақстан аймақтық  технопаркі» ЖШС Өскемен қ.;

жүзеге асырылды

    • «Көліктік машина жасау конструкторлық бюросы» ЖШС Астана қ.;

таратылды

    • «Мұнай-газ жабдықтарының конструкторлық бюросы» ЖШС Петропавл қ.;

таратылды

    • «Тау-кен металлургиялық жабдықтардың конструкторлық бюросы» ЖШС Өскемен қ.;.

таратылды

    • «Ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың конструкторлық бюросы» ЖШС  

таратылды

  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ 7 еншілес кәсіпорны:

 

    • «А-КБК» АҚ

жүзеге асырылды

    • «Орал металл конструкциялары және мырыштау зауыты» АҚ

банкроттық / таратылды

    • «Ертіс химия-металлургия зауыты» АҚ

жүзеге асырылды

    • «Мырзабек Алтын Тас Груп» АҚ

жүзеге асырылды

    • «Раннила Казахстан» АҚ

жүзеге асырылды

    • «Pams Pipe» АҚ

жүзеге асырылды

    • «White Fish Kazakhstan» АҚ

банкроттық / таратылды

 

Ағымдағы сәтте бәсекелестік ортаға берілуге жататын 16 компанияның 9-ы сатылды, 6-ы банкроттыққа/таратылуға жатады және 1 компания жекешелендіру процесінде.

л2

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

– 2003 жылдан бастап тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесінің қағидаттарын табысты іске асыратын елдегі жалғыз банк. Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі (бұдан әрі – ТҚЖЖ) салымшылардың ақшасын тұрғын үй құрылыс депозиттеріне тарту және оларға тұрғын үй қарыздарын беру арқылы халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (Банк) «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының операторы болып табылады. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Заң салымшыларды мемлекет сыйлықақысымен көтермелеуге кепілдік береді (салым сомасының 20%-ы 200 АЕК-ке дейін).

Банктің стратегиялық мақсаттарының бірі 2024 жылға дейін экономикалық белсенді халыққа шаққанда ТҚЖ жүйесіне қатысушылардың үлесін 17%-ға дейін арттыру болып табылады, бұл көрсеткіш 2018 жылдың қорытындысы бойынша 14,1%-ды құрады. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның 17 өңірлік филиалы, 17 қызмет көрсету орталығы, 5 қызмет көрсету орны және республиканың барлық облыстарында және ірі қалаларда 97 консультациялық орталығы, 1200-ден астам агенттері-жеке тұлғалар (консультанттар) бар.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы қолданыстағы шарттардың саны 624 млрд. теңгені құрайды. 2003 жылдан бастап Банк 173 мың клиенттерге 1144 млрд. теңге сомасында қарыз берді.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ несиелік рейтингтері Қазақстан Республикасының банктері арасында ең үздік болып табылады. «Moody' s Investors Service» рейтингінен -Baa3, «Fitch Ratings» рейтингінен – ВВВ-.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі екі халықаралық ұйымның – Еуропалық құрылыс жинақ кассалары Федерациясының (European Federation of Building Societies) және Халықаралық тұрғын үй қаржыландыру Одағының (International Union for Housing Finance) мүшесі болып табылады..

2015 жылдан бастап «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 80 жылдан астам уақыт бойы Еуропалық несие беру нарығында жұмыс істеп, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін табысты жүзеге асырып келе жатқан Германияның ең ірі құрылыс жинақ кассасы - Bausparkasse Schwäbisch Hall-мен бірлесіп қызмет етіп келеді.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрақты қаржы институты болып табылады, оның негізгі міндеті еліміздің барлық өңірлерінде халықтың қалың жігінің тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне тең қол жеткізуін қамтамасыз ету және тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін сапалы банк қызметтерін ұсыну болып табылады.

Сайтқа сілтемеhttp://www.hcsbk.kz/

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 

3. НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР;

 

ППРК № 1141 сілтеме

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50%-дан астамы "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ға меншік құқығы ретінде тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың активтерін бәсекелі ортаға беру ережесі.

 

4. ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ;

 

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ интернет-ресурсында орналастырылатын ақпарат мерзімді сипатта болмайды және тек қана «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметіне жатады. Сайтта және оның бөлімдеріндегі барлық мәліметтер мен деректер тек қана ақпараттық мақсатта қолданылады және егер нақты материалдарда өзгеше түрде көрсетілмесе, жария оферта болып табылмайды.

Сайтты пайдалану шарттары барлық пайдаланушыларға қатысты қолданылады. Пайдаланушының сайтқа кіруі (сайт ресурстары мен материалдарын пайдалану) фактісі оның сайтты қандай да бір шектеулерсіз пайдалану шарттарына толық көлемде келісетінін растайды.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ пайдаланушыларға алдын ала ескертусіз кез келген уақытта сайтта орналастырылған кез келген мәліметтерді, оның ішінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ұсынатын қызметтер туралы ақпаратты, сондай-ақ сайтты пайдаланудың осы шарттарын өзгертуге шектеулі құқықты өзіне қалдырады.

Сайтта келтірілген ұсыныстар, пікірлер мен пайымдауларды қолдану нәтижесінде пайда болуы мүмкін теріс нәтижелерге пайдаланушы жауапты. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ сайтта жазылған ұсынымдардың, пікірлер мен бекітулердің дәлдігі мен растығына кепілдік бермейді және растамайды. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ сайтта ұсынылған ақпаратты пайдалану нәтижесінде туындаған қандай да бір шығындар (тікелей немесе жанама) үшін, сондай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ көрсететін қызметтерді пайдалану немесе пайдалану мүмкін еместігі нәтижесінде туындаған шығындар үшін, тіпті пайдаланушы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға осындай шығындар мүмкіндігі туралы ескертілген жағдайларда да жауапты болмайды.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ пайдаланушыларға сайтта жарияланған құжаттар мен материалдарды тек қана жеке мақсатта, оларды кейіннен үшінші тұлғаларға таратуға немесе кез келген өзге коммерциялық мақсатта пайдалануға құқық бермей көшіруге рұқсат береді. 

Сайттың кез келген материалдарын көшіре отырып, пайдаланушы қолданылатын материалдарға авторлық құқықтарды сақтауға және егер ол сайтта көрсетілсе, жарияланған күнін қоса алғанда, түпнұсқаның тиісті белгілерін сақтауға, сондай-ақ көшірілетін ақпаратты тасымалдау күнін көрсетуге келіседі. 

Үшінші тұлғалардың өнімдері мен қызметтеріне сілтемелер сайтта тек ақпараттық мақсатта беріледі және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ оларды қолдайтынын, қадағалайтынын немесе ұсынатынын білдірмейді. 

Сілтемелері сайтта орналастырылған кез келген басқа ақпараттық ресурстарға көшу пайдаланушының өз қалауы бойынша жүзеге асырылады. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқа интернет-ресурстарға сілтемелерді пайдаланушылардың ыңғайлылығы үшін ғана қосады, алайда бұл ретте «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ осындай ресурстардың мазмұнына жүйелі мониторинг жүргізбейді және осыған байланысты ақпараттың, деректердің, көзқарастың, кеңестердің немесе оларда орналастырылған өтініштердің дәлдігі мен өзектілігі үшін жауапты емес.

Жиі қойылатын сұрақтар

1. ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Жекешелендіру – мемлекеттің мемлекеттік мүлікті жеке тұлғаларға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген арнайы рәсімдер шеңберінде сатуы.

 

2. МҮЛІКТІ/АКТИВТЕРДІ САТУДЫҢ ҚАНДАЙ ТӘСІЛДЕРІ КӨЗДЕЛГЕН?

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдардағы қатысу үлестерінің) 50%-дан астамы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың активтерін бәсекелі ортаға беру қағидаларына сәйкес мынадай тәсілдер пайдаланылады:

1) сауда-саттық (формалары: аукцион, тендер);

2) екі кезеңдік процедура арқылы өтетін байқау;

3) тікелей атаулы сатылым;

4) қор биржасындағы сатылым.

 

3. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АУКЦИОН ӨТКІЗУ АРҚЫЛЫ САТУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ?

Электрондық аукцион – электрондық аукцион (бұдан әрі – аукцион) – қатысушылар өз ұсыныстарын жария түрде мәлімдейтін тізілім веб-порталындағы сауда-саттық нысаны. Аукцион екі түрлі сауда-саттықтың әдісімен өткізіледі: бағаны көтеру және бағаны төмендету. Аукцион өткізу кезінде сату объектісінің старттық бағасы бастапқы бағаға тең болады. Сату нысаны аукционға бірінші рет бағаны көтеру әдісі бойынша қойылады.

Ескерту: ақпарат көзі «Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықты өткізу регламенті».

 

4. ТЕНДЕР ӨТКІЗУ АРҚЫЛЫ САТУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ?

Тендер қатысушылар тізілімнің арнайы веб-парақшасында жабық электрондық конвертке жүктелетін өзінің баға ұсыныстарын мәлімдейтін сауда-саттық түрі. Тендер ашық болуы тиіс. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік қауіпсіздікті, қоршаған табиғи ортаны қорғауды, Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын ерекше жағдайларда тендер жабық болуы мүмкін.

Жабық тендерге сатушы не оның комиссиясы айқындайтын қатысушылардың шектеулі тобы қатысады. Жабық тендердің барлық шарттары келтірілген жабық тендерге қатысуға шақыруды сатушы таратады. Жабық тендерге қатысуға шақыру жіберілген, қатысуға ниет білдірген адамдардың өтінімдерін тіркеу жазбаша шақыру жіберілген күннен бастап тізілімнің веб-порталында жүргізіледі және жабық тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Тендер немесе жабық тендер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбіден жұмаға дейін тізілімнің веб-порталында өтеді. Тендер немесе жабық тендер Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі. Нсыанды бірінші тендерге (жабық тендерге) қойған кезде конкурста сату объектісінің старттық бағасы бастапқы бағаға тең болады, ал екінші және одан кейінгі сауда-саттықтарда сатушы айқындайды.

Ескерту: ақпарат көзі «Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықты өткізу регламенті».

 

5. КОНКУРС ӨТКІЗУ АРҚЫЛЫ САТУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ?

Екі кезеңді рәсімдер жолымен өткізілетін конкурс – активті сату тәсілі, бұл кезде конкурс жеңімпазын сатушы тәуелсіз кеңесшілердің қатысуымен өткізетін болады.

Тәуелсіз кеңесшіні тарту жекешелендіру нысанына жан-жақты талдау жүргізу, оның құнын бағалау және оның әлеуетті сатып алушыларын сату нысандары туралы ақпараттық деректер базасын қалыптастыру үшін ашық сауда-саттықта (аукцион, тендер) жүзеге асырылады.

 

6. ТІКЕЛЕЙ АТАУЛЫ САТУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ?

Активті тікелей атаулы сату мынадай критерийлерге жауап беретін стратегиялық инвесторға, қазақстандық немесе шетелдік заңды тұлғаға (олардың бірлестіктеріне) жүзеге асырылады:

- инвестордың өзінде және (немесе) оның үсестес тұлғаларында іске асырылатын активтің қызметіне байланысты саладағы қызмет тәжірибесінің болуы ;

- активтерді басқаруға қатысу үшін, сондай-ақ технологиялар трансферті (бар болса), оның ішінде ашылмаған ақпарат (өндіріс құпиялары, ноу-хау) алу және жоғары білікті мамандарды тарту жолымен дамыту үшін акциялардың ірі пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сатып алу.

Ескертпе: дереккөз «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдардағы қатысу үлестерінің) 50%-дан астамы меншік құқығында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың активтерін бәсекелі ортаға беру ережесі.

 

7. ҚОР БИРЖАСЫНДА САТУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ?

Қор биржасында сату «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де нормативтік құқықтық активтерге сәйкес жүзеге асырылады.

Ескертпе: дереккөз «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдардағы қатысу үлестерінің) 50%-дан астамы меншік құқығында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың активтерін бәсекелі ортаға беру ережесі.

 

8. АКТИВ ҚҰНЫН БӨЛІП ТӨЛЕУ МҮМКІН БЕ?

Бөліп төлеу шарттары сауда-саттыққа қатысушылардың назарына алдын ала жеткізілген жағдайда ғана бөліп төлеуге жол беріледі. Бұл ретте бастапқы жарнаның мөлшері сату бағасының он бес пайызынан кем болмайды, ал бөліп төлеу кезеңі үш жылдан аспауға тиіс.

Ескерту: ақпарат көзі «Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықты өткізу регламенті».

 

9. ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ҚАНДАЙ ТӘСІЛДЕРДЕРІНДЕ САТУШЫ ҚЫЗМЕТ БЕЙІНІН САҚТАУ БОЙЫНША ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕЙДІ?

Сатушы тендер тәсілімен және тікелей атаулы сату жолымен сату кезінде қызмет бейінін сақтау жөніндегі шартты белгілейді.

 

10. САУДА-САТТЫҚҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ?

Сауда-саттыққа қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркеліп, келесідей мәліметтерді келтіру қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі( ЖСН), Тегі, Аты және әкесінің аты (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі( БСН), толық атауы, Бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі банк шотының деректемелері;

4) байланыс мәліметтері (мекен-жайы, телефоны, факс, е-mail).

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Ескерту: ақпарат көзі «Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықты өткізу регламенті».

 

11. КЕПІЛДІК ЖАРНАНЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?

Кепілдік жарна сауда-саттыққа қатысу үшін жеке немесе заңды тұлға енгізетін сату объектісінің бастапқы бағасының 15% мөлшеріндегі, бірақ 30 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ақшалай сома.

Ескерту: ақпарат көзі «Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықты өткізу регламенті».

 

12. САУДА-САТТЫҚТА ӨТІНІМ БЕРУ МЕРЗІМІ?

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу тізілім веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Ескерту: ақпарат көзі «Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықты өткізу регламенті».

 

13. ЖАЛҒЫЗ ҚАТЫСУШЫ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ БОЛА АЛА МА?

Егер тізілімнің веб-порталы қабылдаған тендерге (жабық тендерге), конкурсқа қатысушылардың не конкурсқа қатысушылардың комиссиясы аукционға жіберген, не тендерге (жабық тендерге) қатысушылардың сатушы жіберген өтінімдерінің саны екіден кем болса, онда тендер (жабық тендер), сату объектісі жалғыз қатысушыға сатылуы мүмкін үшінші және одан кейінгі сауда-саттықтарды қоспағанда, конкурс өткізілмеді деп жарияланады.

Ескерту: ақпарат көзі «Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықты өткізу регламенті».

 

 

14. САУДА-САТТЫҚ ЖЕҢІМПАЗЫМЕН САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫН ЖАСАУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ ҚАНДАЙ?

Сатып алу-сату шарты сатып алу-сату шартын жасасу негізі ретінде сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға сілтеме көрсетіле отырып, сатушы мен сатып алушы арасында жасалады.

Сатушы сатып алу-сату шартында сатып алушыда сату объектісіне меншік құқығы оны толық төлегеннен кейін пайда болатыны туралы талапты көрсетеді.

Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргізіледі, бұл ретте сатып алушы есеп айырысуды мынадай тәртіппен жүргізеді:

1) алғытөлем сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде объектіні сату бағасының кемінде 15% мөлшерінде енгізіледі. Алғытөлем сатып алушының сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындауын қамтамасыз ету болып табылады. Кепілдік жарна тиесілі алғытөлем есебіне есептеледі;

2) қалған сома тараптардың уағдаластығы бойынша, бірақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей енгізіледі.

Сатушы мен сатып алушы арасындағы барлық есеп айырысулар сатып алу-сату шартында көрсетілген сатушының есеп айырысу шоты арқылы қолма-қол ақшасыз тәртіппен жүргізіледі.

Түпкілікті төлем мерзімі өткен жағдайда сатып алу-сату шартын біржақты тәртіппен бұзуға жол беріледі. Сатып алу-сату шарты бұзылған кезде түпкілікті төлемнің мерзімі өтіп кетуі салдарынан алғытөлем қайтарылмайды.

Ескерту: ақпарат көзі «Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықты өткізу регламенті».

 

15. ИНВЕСТОРЛАР ПАЙДА БОЛҒАН КЕЗДЕ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ НЕСИЕ БЕРУ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖЕҢІЛДІКТІ ШАРТТАР ЖОЙЫЛЫП КЕТПЕЙ МЕ?

Несие беру мөлшерлемелері бойынша барлық қолданыстағы жеңілдікті шарттар толық көлемде сақталады. Меншік нысанына қарамастан, Банк өз жұмысын «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» заң шеңберінде жалғастырады. Аталмыш заңның 3-ші бабы 5-ші тармақшасына сәйкес тұрғын үй қарызы бойынша сыйақы мөлшерлемесі тұғын үй құрылыс жинақ ақшасы салымының сыйақы мөлшерлемесінен жылдық үш пайыздан аспайды.  

 

16. ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ" АҚ ӨЗІНІҢ ТҰРҒЫН ҮЙ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ҚАТЫСУЫН ТОҚТАТПАЙ МА?

Еш жағдайда тоқтатпайды. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мемлекеттің «Нұрлы жер» жаңа тұрғын үй бағдарламасының негізгі операторы болып табылады. Бұл мемлекеттік бағдарлама мемлекеттің барлық тұрғын үй бастамаларын біріктіреді және оны іске асырудың бастапқы кезеңі 2017 жылдан 2021 жылға дейін жалғасады.

 

17. ЕГЕР ЖАҢА ИНВЕСТОР КЕЛСЕ, «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ САЛЫМШЫЛАРЫ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙАҚЫ ТӨЛЕУ АЛЫП ТАСТАЛМАЙДЫ МА?

Алып тастамайды. Азаматтардың салымдарына жыл сайынғы жинақтаудың 20% мөлшерінде мемлекеттік сыйлық төлеу «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Заңмен реттеледі. Барлық төлемдер сыйлықақы бойынша мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.