Жарғылық капитал құрылымы

Тіркелген (жарияланған) акциялар саны, түрі – 5 000 086 550 (бес миллиард сексен алты мың бес жүз елу) дана қарапайым акция.
Жарияланған, алайда орналастырылмаған акциялар саны – 4 153 867 838 (төрт миллиард жүз елу үш миллион сегіз жүз алпыс жеті мың сегіз жүз отыз сегіз) дана қарапайым акция.
Орналастырылған акциялар саны – 846 218 712 (сегіз жүз қырық алты миллион екі жүз он сегіз мың жеті жүз он екі) дана қарапайым акция.
Бір акцияның номинал құны (құрылтайшылардың төлеуі кезінде) – 1 000 (бір мың) теңге.

Акционерлер құрамы:

Холдингтің жалғыз акционері - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. 
2013 жылдың 26 маусымында Холдинг акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне табысталды. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» 2014 жылғы 6 тамыздағы №875 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және жаңа технологиялар министрлігінің функциялары қайта құрылған, таратылған Министрліктің құқықтық мұрагері болып табылатын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне табысталды. Солайша, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен заңнамамен және Холдинг Жарғысымен Жалғыз акционердің құзыретіне жатқызылған сұрақтар бойынша шешімдер қабылданады және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің уәкілетті тұлғаларының бұйрықтарымен рәсімделеді.
Холдинг акциялары мемлекеттің айрықша меншігі болып табылады және иеліктен шығаруға жатпайды.

Акциялар ұсынатын құқықтар:

 

1) «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңдарға сәйкес Жалғыз акционердің қарастыруына енгізілетін барлық сұрақтар бойынша шешім қабылдау құқығы;
2) Холдингте таза табыс болған жағдайда, дивиденд алу құқығы;
3) Холдингті тарату жағдайында, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте оның мүлкін алу құқығы.