1

Холдингтің тұрақты даму тәсілдемесі

«Бәйтерек»Холдингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаржылық даму институты ретінде ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты дамытуды қамтамасыз ету үшін экономикаға, экологияға және қоғамға тигізетін өз ықпалының маңыздылығын ұғынады және мүдделі тараптардың қызығушылықтарының теңгерімін сақтап қалуға тырысады.

Жоғары экономикалық және әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, Холдинг тұрақты дамуды тиімді басқару жүйесін құру арқылы мүдделі тараптардың үлкен тобы алдындаөз қызметінің айқындық деңгейін жоғарылатуды мақсат етеді. .

Холдингте тұрақты дамудың үш құрамдас бөлігі бар: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік.

11

Холдингтің тұрақты дамуының экономикалық құрамдас бөлігі келесі мақсаттарды қамтиды:

  • Холдинг пен оның еншілес ұйымдары зиянсыздығы;

  • акционерлер мен инвесторлардың мүдделерін қамтамасыз ету;

  • процесстердің тиімділігін жоғарылату;

  • неғұрлым жетілдірілген технологияларды құруға және дамыту инвестицияларын жоғарылату;

  • еңбек өнімділігін жоғарылату.

Холдингтің тұрақты дамуының экологиялық құрамдас бөлігі келесі мақсаттарды қамтиды:

  • биологиялық және физикалық табиғи жүйелерге әсер етуді барынша азайту;

  • шектеулі ресурстарды оңтайлы пайдалану;

  • экологиялық, энергия үнемдейтін және материал үнемдейтін технологияларды қолдану.

Холдингтің тұрақты дамуының әлеуметтік құрамдас бөлігі келесі мақсаттарды қамтиды:

  • айқын конкурс рәсімдері мен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

  • әділмарапаттаужәне еңбеккерлердің құқықтарын сақтау;

  • еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің денсаулығын сақтау;

  • еңбеккерлерді оқыту және кәсіби дамыту;

  • ішкі және сыртқы әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру.

Холдингтің тұрақты даму саласындағы міндеттері:

  • Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының қызметіне тұрақты даму принциптерін біріктіру;

  • тұрақты дамудың үш құрамдас бөлігі бойынша қызметтерге талдау жасау және тәуекелдерді бақылау;

  • жүйелі жұмысты ұйымдастыра отырып, тұрақты дамуды басқару сапасын жоғарылату;

  • тұрақты даму саласындағы қызметтің нәтижелері туралы үнемі ақпараттандыруды қоса алғанда, Холдингтің мүдделі тараптармен өзара тиімді әрекеттесу механизмдерін құру.

Өз қызметінің шегінде Холдинг тұрақты даму саласындағы келесі принциптерді басшылыққа алады: ашықтық, есеп беруге міндеттілік, айқындық, этикалық мінез-құлықтың сақталуы, мүдделі тараптардың қызығушылықтарын сақтау, заңдылық, адам құқықтарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік, мүдделер қақтығысына жол бермеу.

Сонымен бірге, Холдинг өз қызметінде БҰҰ-ның Ғаламдық шартының адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы принциптеріне шынайы берілгендігін мәлімдейді.

Холдинг мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас жасай отырып, келесі негізгі принциптерді басшылыққа алады:

  • мүдделі тараптардың барлығының қызығушылығын сыйлау және ескеру;

  • нысаналы аудиторияны өз қызметіне қатысты белсенді ақпараттандыру;

  • мемлекеттік бағдарламаларды, жекелеген ішкі рәсімдерді (сатып алу, жұмысқа қабылдау, қаржылық және қаржылық емес қызмет көрсету) іске асыруда және қаржы құралдарын қолдануда объективтілікті, анықтықты, тәуелсіздік пен ақпараттық айқындылықтың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету;

  • мүдделі тараптардың барлығымен ашық және өнімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету;

  • мүдделі тараптардың алдында өзіне алған міндеттемелерін орындау;

  • мүдделі тараптармен тұрақты негізде кері байланысқа шығу.

2

БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары

2015 жылғы қыркүйек айында өткізілген БҰҰ-ның Бас ассамблеясының 70- сессиясындажаңа әлемдік мәселе қабылданды — «Біздің әлемді қайта құру: 2030-жылға дейінгі кезеңде Тұрақты даму саласындағы күн тәртібі», бұл Мың жылдықты дамыту мақсаттарынынң орнына келген 17 Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) қамтиды.

Жаңадан қабылданған мақсаттардың еркешеліктерінің бірі, олар үкіметке ғана емес, өзге де әлем бойынша тұрақты даму процесіне қатысушыларға, бизнеске, азаматтық қоғамға, барлық жеке тұлғаларға арналған.

ХолдингтеТДМ-ны зерделеу және оларға қолжеткізудегі Холдингтің үлесін айқындау бойынша жұмыс жүргізіледі, келесі бағыттарды қоса алғанда:

  1. міндеттер менТДМ индикаторларынХолдинг қызметінің мақсаттары мен міндеттеріне, артықшылықтары мен бағыттарыа сәйкестендіру;

  2. ТДМ-ға қатысты міндеттемелерді қабылдау;

Жобалық портфельді қалыптастыру кезінде Холдинг ТДМ-ға сәйкес келетін және Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі әсер ететін жобаларға артықшылық береді.Атап айтқанда, жобалар келесі мән-жайларға ықпал етуі тиіс:

  • барлығын қамтитын және тұрақтыиндустрияландыру;

  • қалалар мен елді мекендердің ашықтығы, қауіпсіздігі, өмірге төзімділігіжәне экологиялық тұрақтылығы;

  • Қазақстан Республикасының экономикасы мен жекелеген облыстарды/ қалаларды әртараптандыру.

  1. міндеттемелер мен мақсаттардың Холдинг процестерімен және тәжірибесімен біріктіру;

Холдинг жүзеге асырып отырған бағдарламалардың көпшілігі ТДМмен олардың міндеттеріне қол жеткізуге ықпал етеді. Сонымен қоса, нақты міндеттер мен ТДМ индикаторларын сәйкестендіру мақсатында Холдинг өз процестері мен тәжірибесін біріктіруге қатысты жұмыстарды жалғастыратын болады.

  1. ТДМ қол жеткізуге ықпал ету туралы ақпараттарды ашу.

2017 жылғы жылдық есепте Холдинг алғаш рет басшылықтың шынайы берілгендігі және Холдинг үшін неғұрлым артық ТДМ туралы ақпараттарды ашып көрсетеді.

3

Кадр саясаты

Корпоративтік мәдениет

Еңбеккерлер–басты құндылық және негізгі ресурс, олардың кәсібилігінің деңгейі мен қауіпсіздігі Холдинг қызметінің нәтижесіне тікелей байланысты.

Жоғары әдеп стандарттарына негізделген корпоративтік мәдениетті қолдау мақсатында Холдинг қызметкерлерінің барлығы сенім, өзара сыйластық және парасаттылық секілді іскерлік этиканың жалпы принциптерін басшылыққа алады.

Корпоративтік мәдениетті дамыту келесі шарттарға қолжеткізуге негізделеді:

  • басшылар өз қызметкерлеріне нәтижеге жету үшін барынша мол күш-жігерін жұмсауға ықпал ететін климат жасайды;

  • төменнен басталатын бастама және инновациялар көтермеленеді;

  • өзін-өзі жетілдіру және өзін өзі дамыту саналы қажеттілік болып табылады;

  • лауазымды тұлға мен қызметкер ортақ істегі табыс пен соңғы нәтижеге бар күш-жігерін жұмсайды;

  • әр лауазымды адам мен қызметкер стратегиялық мақсаттарға қолжеткізудегі өз ролі мен маңызын ұғынады;

  • әршешім бизнестің әлеуметтік бағыттылығы мен Холдингтің негізгі мүдделі адамдарына бағдарлауды ескере отырып қабылданады.

Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының еңбеккерлері қатысатын командалық рухты нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру Холдингтің корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Аталған іс-шараларға Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының еңбеккерлері қатысады.

2017 жылы Холдинг Тобы персоналының тартымды біріктірілген көрсеткіші 78%-ды құрады.

 

Оқыту және дамыту 

Холдингте заманауи технологиялар мен ақпараттарды басқару жүйелерін қолдана отырып, еңбеккерлерді тұрақты оқыту және кәсіби дамыту жүйесі жұмыс істейді. Оқыту процесін ұйымдастыру барысында сарапшылармен бизнес-таңғы ас, оқыту тағылымдамалары, коучинг, кейстер, ми шабуылдары, жобалар және т.с.с. секілді оқытудың әр түрлі формалары қолданылады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша корпоративтік форматтағы оқыту шараларын жүргізу нәтижесінде Холдинг еңбеккерлерін оқыту толығымен іске асырылды. Холдинг еңбеккерлерінәр түрлі салаларда: экономика және қаржы, жобаларды басқару, құқық және заңтану, корпоративтік басқару, бюджеттендіружәне қаржыландыру, тілдік курстаржәне т.с.с. оқыту және кәсіби дамыту бағдарламалары бойынша 2017 жылы барлығы 114 іс-шара өткізілді.

 

Еңбеккерлер қызметінің тиімділігін бағалау 

Холдингте қызметтің негізгі көрсеткіштері (ҚНК) негізіндегі еңбеккерлердің қызметінің нәтижелілігін бағалау тоқсан сайын жүзеге асырыладыҚНКсапалық және сандық мәнде белгіленеді және Холдингтің стратегиялық артықшылықтарын қамтиды. Еңбеккерлердің нәтижелілігін жоспарлау және бағалау циклі келесі кезеңдерден тұрады:

  • жоспарлау–нысаналы ҚНК қоюжәне қойылған ҚНК қол жеткізу үшін жеке дамыту жоспарын құру;

  • бекіту‑ҚНК карталарын бекіту. Холдинг Басқармасы мен ҚНК карталарын Директорлар кеңесінің басшылығы бекітеді;

  • бағалау–іс жүзіндегі нәтижелілікті есептеу және бекіту, оқыту мен кәсіби дамыту жоспарының орындалуы туралы есепті әзірлеу.

 

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау 

Холдингте еңбеккерлердің жұмыс орнындағы еңбегін дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қолданылудажәне Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісті талаптарына сәйкес осы саладағы еңбектің қауіпсіз жағдайлары жасалады. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында Холдингте оқыту шаралары жыл сайын өткізіледі. 2017 жылы кіріспе және жоспарлынұсқаулық, сонымен қоса, төтенше жағдайлардағы әрекеттер бойынша жаттығулар бірнеше рет өткізілді.

 

Еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау

Холдинг Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз еңбеккерлерін негізгі әлеуметтік кепілдіктермен және өтемақылармен қамтамасыз етеді, сонымен бірге, қосымша әлеуметтік бағдарламалар мен жеңілдіктерді жүзеге асырады және біртіндеп дамытады. Сонымен, өз еңбеккерлерін әлеуметтік қолдау бағдарламасы шеңберінде Холдинг жыл сайын еңбеккерлерді медициналық сақтандыруды қамтамасыз етеді.

4

Жауапты инвестициялау

Холдинг экономикалық тиімді және тұрақты қызметіндегі мақсатына жету барысында қаржылай қолдау көрсеткен жобалар шеңберіндегі экологиялық және әлеуметтік мәселелер, сонымен қоса, корпоративтік басқару (ESG факторлары) мәселелері бойынша озық халықаралық тәжірибені,Холдинг жауапты инвестициялауды дамыту мақсатында осы саладағы негізгі халықаралық стандарттарға сәйкес БҰҰ-ның Жауапты инвестициялау принциптері мен Экватор Принциптерін басшылыққа алады.

Холдинг контрагенттерін ESG факторларымен таныстыра отырып, Холдингтің инвестициялық шешімдерді қабылдау процесіне ESG факторларын енгізуге және біріктіругетырысады .

Холдинг өз контрагенттерінен келесіні күтеді:

  • қоршаған орта мен қоғамға нақты және болуы мүмкін әсерлерді анықтау және бағалау бойынша экологиялық тәуекелдерді (қоршаған ортаны) басқаружүйесін қолдану, тиісті басқару шараларын айқындау және нәтижелі түрде енгізу, экологиялық тәуекелдердің деңгейіне бақылау жасау;

  • қызметкерлердің құқықтарын, оның ішінде бірлесу бостандығы мен ұжымдық шарт жасасу құқығын сыйлауға негізделуі тиіс адам ресурстарын басқару жүйесін қолдану және қызметкерлердің денсаулығын қамтамасыз ету (сақтау); еңбеккерлерге әділ қарым-қатынасты қамтамасыз етуге, еңбеккерлерге әділ көзқарас таныту,олар үшін қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасауға, алдын алу шараларын жүргізе отырып, тұрғындар мен тұтынушылар тобының денсаулығы мен қауіпсіздігіне қолайсыз әсер етуді болдырмауға тиіс;

  • әділдік, шындық, жауаптылық, ашықтық, кәсібилік және құзіреттілік принциптеріне негізделген, адал корпоративтік басқару жүйесін қолдану; адал корпоративтік басқару ұйымның қызметіне мүдделі барлық адамдардың құқықтары мен мүдделерін сыйлауды білдіреді және оның қызметі табысты болуына, атап айтқанда оның нарықтық құнынынң жоғарылауына, қаржылық тұрақтылық пен пайдалылығына ықпал етеді.

5

Қоршаған ортаға әсері

Холдинг өз қызметінің сипатына қарай қоршаған ортаға елеулі түрде тікелей әсер етпейді. Сөйтсе де, Холдинг энергия тиімділігі, судың пайдаланылуын азайтутехнологияларын енгізе отырып,ресурстардың артық пайдаланылуын қысқартуға және қолданыстағы жағымсызэкологиялық әсерді барынша азайтуға, сонымен бірге,электронды құжат айналымы жүйесі мен екіжақты басып шығару тәжірибесін енгізу арқылы қағаз шығынын азайтуғаұмтылады.

6

Демеушілік және қайырымдылық қызметі

2017 жылы Холдингтің демеушілік және қайырымдлық қызметі халықтың қорғалмаған тобы мен аз қамтылған азаматтарға көмек көрсетуге, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға, мәдениет, ғылым және білім беру саласын қолдауға бағытталды.

Холдингтің 2017 жылы жасалған қайырымдылық қызметінің көптеген бағыттарының бірі«ДОС» «Тәуелсіз өмір сүру орталығы» Мүгедектердің қоғамдық бірлестігіне «Қазақстанда жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» көрмесін ұйымдастыруға көмек көрсету. Мүгедек адамдардың проблемаларына азаматтық қоғамның назарын аударту осы іс-шараның мақсаты болды. Конкурсқа ұсынылған әлеуметтік жобалар қазіргі уақыттағы проблемалар мен мүмкідіктер және оларды шешу бағыттарының ерекшелігін көрсетті.