Жанке

Жанке Тимур Амантайұлы

Басқарма мүшесі

Тимур Жанке 2019 жылдың мамырында Директорлар кеңесінің шешімімен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры болып сайланды. Тұрғын үй-құрылыс активтерін басқару мәселелеріне жетекшілік етеді.

2014-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

1999-2014 жылдары Алматы қаласы әкімі аппаратының Туризм департаментінің бас маманы, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің жетекші маманы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ менеджері, «ҚазМұнайТеңіз» ҰК» ЖАҚ Бас директорының көмекшісі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да бас менеджер, «ҚазМұнайГаз - Сервис Compass» ЖШС Бас директорының орынбасары, кейін осы компанияның Бас директоры қызметтерінде болды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін және Маастрихт менеджмент мектебін MSM, Нидерланды тәмамдады.