Жамаубаев Ерулан Кенжебекович

Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі

1974 жылы туған.

1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2009 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің жанындағы Бизнес мектебін бітірген.

1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушы-тәлімгері, оқытушысы.

1998-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жетекші сараптамашысы, бас сараптамашысы, басқарма бастығы, Зерттеу және статистика департаменті директорының орынбасары

2006-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің үйлестіру департаментінің директоры.

2014-2015 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ басқарушы директоры.

2015 жылғы шілде мен қараша аралығында – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2015-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.

2018 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі болып тағайындалды.

 

2018 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және Даму Министрі Ж. Қасымбектің «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» № 887 бұйрығына сәйкес «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамына сайланды. 

Қазақстан Республикасының азаматы.