Таджияков Г.Б.

Тәжияқов Ғалымжан Бисенғалиұлы

Төрағасының орынбасары

Ғалымжан Тәжияқов «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары ретінде 2018 жылдың қаңтарында Директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалды. Активтерді басқару, корпоративтік қаржы, стратегия және корпоративтік даму, талдау және зерттеулер мәселелеріне жетекшілік етеді. Банк саласындағы және корпоративтік басқарудағы 15 жылдық тәжірибесі бар.

 

2010-2017 жылдары «Ситибанк Казахстан» АҚ кіші вице-президенті, Еуразиялық даму банкінің Басқарушы директоры, жобалық топтың директоры, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры қызметтерінде болды.

 

2003 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі аралықта «ABN AMRO Банк Казахстан» АҚ Корпоративтік клиенттер шоттарын басқару бөлімінің шот менеджері, «Kaspi Bank» АҚ Қаржы институттары басқармасының басшысы, «HSBC Банк Казахстан» АҚ бизнесті және кредиттеуді дамыту жөніндегі менеджері ретінде жұмыс атқарды.

 

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Дарем Университетінің бизнес-мектебін (Ұлыбритания) аяқтады.