Томас Миров

Томас Миров

Тәуелсіз директор

1953 жылы 6 қаңтарда туған.

Азаматтығы: Германия

 

Білімі: 1970 жылы Бонн университетін бітіріп, 1975 жылы «Бесінші республика кезеңіндегі Францияның Еуропадағы саясаты» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

 

Жұмыс тәжірибесі

Rothschild&Cie (Франкфурт) Бақылау кеңесінің мүшесі, F. Laeisz (Гамбург) Акционерлер комитетінің мүшесі болып табылады.

Томас Миров Die Zeit-Stiftung Қамқоршылар кеңесінің, сондай-ақ Bucerius (Гамбург) заң факультетінің мүшесі және Deutsche Nationalstiftung (Веймар/Гамбург) Төрағасы болып табылады. Киль әлем экономикасы институты оны «ғылыми қызметкер» етіп тағайындады, және ол «Übersee-Club» (Гамбург) вице-президенті болып сайланды.

2013 жылдан бастап 2018 жылға дейін HSH Nordbank AG (Гамбург) Бақылау кеңесінің Төрағасы болды.

2008 жылдан 2012 жылға дейін – Лондонда Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Президенті.

2005 жылдан 2008 жылға дейін – қаржы нарықтарына, сондай-ақ еуропалық және халықаралық қатынастарға жауапты Германия Қаржы министрінің орынбасары.

2004 жылы Томас Миров Нидерландының бұрынғы премьер-министрі Вим Коктың төрағалығымен Лиссабон даму стратегиясы бойынша Еуропалық Одақтың жоғары деңгейдегі тобының мүшесі болды.

Он жыл бойы, 1991 жылдан 2001 жылға дейін, Томас Миров Гамбургте қалалардың дамуына жауап беретін мемлекеттік министр қызметін (сенатор) атқарды, содан кейін - экономика бойынша, жария компаниялардың бірнеше бақылау кеңестерін (HHLA, Hamburg Airport, Hamburg Fair) басқарды.

 

2013 жылғы 25 маусымда Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы Э. Утеповтың № 471 «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқару органы туралы» бұйрығымен Директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор) болып сайланды.

 

2013 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А. Раудың № 464 «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамы туралы» бұйрығымен Директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор) болып сайланды.

 

2016 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің № 877 «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамы туралы» бұйрығымен 3 (үш) жылға Директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор) болып сайланды.