Смаилов Алихан Асханович

Смаилов Ә.А.

Директорлар кеңесінің мүшесі

1972 жылы 18 желтоқсанда Алматы қаласында туған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша  бітірген. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын тамамдап, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.

1993-1995 ж. – «А-Инвест» инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы. 

1995-1996 ж. – Алматы қаласындағы сауда және өндіріс бөлімінің бас маманы.

1996-1998 ж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы. 

1998 жылдың наурыз-сәуір аралығында Қазақстан Республикасы статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары. 

1998-1999 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде бас сарапшы, бөлімнің экономикалық секторының меңгерушісі, мемлекеттік инспектор. 
 1999-2003 ж. – Қазақстан Республикасы статиститка агенттігінің төрағасы. 

2003 жылғы ақпаннан шілдеге дейін– Қазақстан Республикасы сыртқы істер вице-министрі. 

2003-2006 ж. – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы. 

2006-2007 . - Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі. 

2007-2008 ж. - «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ президенті.

2008-2009 ж. – Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі. 

2009-2014 ж. – Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің төрағасы. 

2014-2015 ж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы.

2015 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. 
 
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешевтің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 437 бұйрығына сәйкес Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

2018 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және жаңа технологиялар министрі Ж. Қасымбектің «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» № 717 бұйрығына сәйкес «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.